USD: 487.3 / 490.3
  • EUR: 566.0 / 571.0
  • RUB: 6.37 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

SCAT әуе компаниясының жаңа Boeing ұшақтары алғашқы рейстерін орындады

Фото: SCAT әуе компаниясы
Фото: SCAT әуе компаниясы
Жаңа ұшақтар Қазақстанға айдың басында келген болатын.

Қазақстандық SCAT Airlines әуе компаниясы жуырда әуе паркін толықтырған Boeing 737 MAX 8 ұшақтарымен алғашқы рейстерін орындауға кірісті. Жаңа әуе кемелерін пайдалануға беру тасымалдаушының даму стратегиясындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады.

Компанияның мәліметінше, жаңа лайнерлер тұрақты рейстерде қолданылып, жолаушыларға заманауи әрі жайлы сапар мүмкіндігін ұсынып отыр. Boeing 737 MAX 8 ұшақтары отын үнемділігімен, жетілдірілген техникалық сипаттамаларымен және жоғары деңгейдегі жайлылығымен ерекшеленеді.

Әуе паркіне бірден екі жаңа ұшақтың қосылуы Қазақстанның авиация саласы үшін маңызды оқиға ретінде бағаланып отыр. Бұл қадам елдегі азаматтық авиация нарығының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.

Фото: SCAT әуе компаниясы

SCAT Airlines үшін бұл тек флотты кеңейту ғана емес, сонымен қатар жаңа бағыттарды игеру, маршруттық желіні дамыту және қызмет сапасын арттыру жолындағы жүйелі жұмыстың жалғасы.

Әуе компаниясы алдағы уақытта да операциялық әлеуетін күшейтіп, жолаушыларға ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту арқылы Қазақстанның заманауи авиациясын дамытуға үлес қосуды жоспарлап отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз