Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 55 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.
22.50. Коронавирус жұқтырғандар саны – 4 578
- Алматы – 1 429;
- Нұр-Сұлтан – 898;
- Атырау облысы – 240;
- Шымкент – 224;
- Қызылорда облысы – 223;
- Батыс Қазақстан облысы – 217;
- Қарағанды облысы – 177;
- Алматы облысы – 176;
- Ақтөбе облысы – 172;
- Жамбыл облысы – 169;
- Түркістан облысы – 168;
- Павлодар облысы – 152;
- Маңғыстау облысы – 105;
- Ақмола облысы – 103;
- Қостанай облысы – 59;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 34.
- Шығыс Қазақстан облысы – 32;
Жазылғандардың жалпы саны – 1 518.
Көз жұмғандар – 30.
22.50 – КВИ жұқтырған тағы 48 адам тіркелді:
- Нұр-Сұлтан – 33;
- Алматы – 2;
- Шымкент – 1;
- Ақмола облысы – 2;
- Шығыс Қазақстан облысы – 2;
- Батыс Қазақстан облысы – 2;
- Қарағанды облысы – 2;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1;
- Түркістан облысы – 3.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 4 578 адам анықталды.
Оқи отырыңыз: Елжан Біртанов: Барлық медицина мекемелері жұқпалы аурулар ауруханасының форматында жұмыс істейтін болады
22.12 – Қазақстанда тағы 48 адам қауіпті дерттен жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан – 1;
- Алматы – 32;
- Шымкент – 5;
- Алматы облысы – 5;
- Қарағанды облысы – 1;
- Қызылорда облысы – 1;
- Шығыс Қазақстан облысы – 1;
- Атырау облысы – 1;
- Түркістан облысы – 1.
Елімізде барлығы 1 518 адам індеттен сауығып шықты.
21.30 – Алматыда коронавирус жұқтырып, қаржылай көмек алуға жататын дәрігерлердің тізімі жақын арада анықталады. Оларға 2 миллион теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік төлемақы тағайындау мәселелері қарастырылуда. Жәрдемақылар әлеуметтік төлемді қамтамасыз ету бойынша құрылған жеке комиссияның шешімінен соң бірақ төленеді. Оның құрамына Денсаулық сақтау министрілігінің ұсынысымен қоғам өкілдері мен сарапшылар енеді.
Жалпы қалада коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне 1,1 млрд теңге үстемеақы төленді. Ақшалай үстемеақыны 16 ұйымның 3 418 қызметкері алды. Соның ішінде:
- бірінші қауіпті топтағы – 375 қызметкерге;
- екінші қауіпті топтағы – 1943 қызметкерге;
- үшінші қауіпті топтағы – 1100 қызметкерге төленген.
Оқи отырыңыз: Медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақы. Маңызды 10 сұраққа жауап
19.20 – Алматыда қауіпті індеттен төрт айлық нәресте жазылып шықты. Сәби инфекция жұқтырғандармен жақын байланыста болғандықтан, 16 сәуірде анасымен бірге ауруханаға түскен. Бүлдіршінге "асқынған бронхит" диагнозы қойылып, жағдайы орташа дәрежеде деп бағаланды. Қазір кішкентай қыз анасымен бірге сауығып, ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер бөбектің өміріне қауіп жоқ екендігін мәлімдеді.
Мегаполисте коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандардың жалпы саны – 299.
19.15 – Елордада тағы бір үйдің кіреберісі жабылды. Бұл жолы "Семейный" тұрғын үй кешеніндегі подъезд оқшауланды, деп хабарлайды "Хабар 24". Онда тұратын бір тұрғынның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Қазір ауру ошағы толығымен қоршалып, полиция қызметкерлері кезекшілікте тұр. Тұрғындардың далаға шығуына тыйым салынды.
18.50 – Алматыда "Қазақстандық бітімгерлік полкі" базасында құрылған далалық госпиталь әлі бос тұр. Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мобильді госпитальдің дайындығын тексерді. Ол қажет болған жағдайда Covid-19 диагнозы расталған адамдарды жатқызуға арналған инфекциялық стационар ретінде пайдаланылады.
18.40 – 11 мамырдан бастап Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Тараз және Талдықорған бағытындағы әуе рейстері іске қосылады. Qazaq air әуеакомпаниясы Нұр-Сұлтаннан Қостанай, Ақтөбе, Талдықорған және Павлодарға рейстер қатынай бастағанын хабарлады.
17.50 – Алматы әкімдігіне оңтүстіккореялық компания гуманитарлық көмек көрсетті. Жомарт жандар 1125 бірлік жеке қорғаныс құралы мен және 2000 адамға арналған ПЦР-тест тарту етті. Жеке қорғаныс құралдары инфекциялық ауруханалардың қызметкерлеріне бөлініп беріледі. Коронавирустық инфекциямен күреске ұсынылып отырған бұл көмектің жалпы құны – 45 мың АҚШ долларын құрайды.
17.25 – Covid-19 вирусын жұқтырған тағы 21 адам тіркелді:
- Нұр-Сұлтан – 12;
- Алматы – 5;
- Батыс Қазақстан облысы – 2;
- Түркістан облысы – 2.
Елімізде қауіпті кеселге шалдыққандардың жалпы саны – 4 530.
Оқи отырыңыз: Президенттің төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары. Толық тізім
17.10 – Елімізде тағы 20 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан – 10;
- Қостанай облысы – 2;
- Маңғыстау облысы – 1;
- Батыс Қазақстан облысы – 5;
- Шығыс Қазақстан облысы – 1;
- Атырау облысы – 1.
Барлығы 1470 адам қауіпті дерттен сауығып шықты.
Оқи отырыңыз: 42 500 теңге. Екінші айда әлеуметтік төлемді 16 сәуірге дейін өтініш бергендер алады
16.45 – 2,1 млн қазақстандық төтенше жағдай режимі кезеңінде табысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде екінші рет төлем алды. Елде Төтенше жағдай жарияланғалы бері бұл төлемді жалпы саны – 4,5 млн адам алды.
16.00 – Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралардың сақталуын бақылауға ерікті түрде шақырылған 150 сарбазға кезекті рет әскери атақтар беріліп, арнайы төсбелгілер табысталды.
14.30 – Алматылық кәсіпкерлер коммуналдық қызметтер төлемін кейінге қалдыра алады. Төтенше жағдай кезінде бизнесті қолдау мақсатында, "Алматы су" уақтылы төлем жасамаған кәсіпкерлерге қосылатын өсімпұлды есептеуді және қызмет көрсетуден бас тартуды тоқтатты. Ал "Алматы жылу жүйелері" дебиторлық қарызды қайта құрылымдау мәселелерін қарастыруда. Бұл шаралар төтенше жағдай режимі кезеңінде ғана күшінде болады.
Оқи отырыңыз: Карантин талабы жеңілдеді. Енді аулаға шығуға, саяжайға баруға рұқсат
14.20 – Scat әуекомпаниясы үйлеріне оралғысы келетін жолаушылардың өтініші бойынша репатриациялық рейстерді орындайды. 8 мамырда ұшақ Ыстанбұлдан Көкшетауға, 13 мамырда Сеулден Павлодарға ұшып шығады. Билеттер әуекомпанияның сайтында қол жетімді. Қазақстан елшілігінің қолдауымен Ресейден де рейстер ұйымдастырылды: 10 мамыр – Томск – Алматы – Шымкент, 11 мамыр – Томск – Қарағанды – Шымкент, 12 мамыр – Мәскеу – Алматы, 17 мамыр – Санкт-Петербург – Нұр-Сұлтан – Алматы. Билеттерді әуекомпаниясының сайтынан алуға болады.
13.20 – Қауіпті кеселден тағы 42 адам сауығып шықты:
- Алматы – 26;
- Шымкент –11;
- Қызылорда облысы – 3;
- Павлодар облысы – 1;
- Батыс Қазақстан облысы – 1.
Елімізде барлығы 1450 адам Covid-19 ауруынан айықты.
Оқи отырыңыз: Пандемия және Қазақстандағы эпидемия дедлайны. Сингапур ғалымдарының болжамы қандай?
12.20 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 7 адам тіркелді:
- Шымкент – 1;
- Жамбыл облысы – 1;
- Батыс Қазақстан облысы – 3;
- Қостанай облысы – 1;
- Түркістан облысы – 1.
Елімізде коронавирус індетке шалдыққан 4 509 адам анықталды.
11.50 – 42 500 теңге әлеуметтік төлемді екінші айда 16 сәуірге дейін өтініш беріп үлгергендер ғана алады. Сондықтан, өтінішті қайта беру қажет емес. Төлемді есептеу үшін бірінші ай 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай – 16 сәуірден 11 мамырға дейін.
Оқи отырыңыз: Пандемиядан шығудың үш сценариі. АҚШ пен Батыс Еуропа қай жолды таңдады?
11.25 – Нұр-Сұлтанда коронавирусты бір отбасының барлық мүшелері жұқтырды. Ерлі-зайыптылар, олардың екі баласы (1 ай және 5 жас) және қарт ата-аналары. Барлығының ағзасынан Covid-19 расталғаннан кейін, отбасы мүшелері карантин режимін бұзғандарын мойындады. Қазір сырқаттанғандар ем қабылдап жатыр.
"Барлық тұрғындарды өзінің және жақындарының денсаулығына немқұрайлы қарамауға шақырамыз. Қауіп әлі де сейілген жоқ. Карантин режимін жеңілдету бұрынғы қалыпты өмірімізге оралуға болатынын білдірмейді. Сондықтан, қатаң санитарлық талаптарды сақтау қажет. Маска киіп, қолды мұқият жуып, антисептикпен өңдеген жөн. Бөлмелерді жиі желдетуге және топтаптасып жиналмауға кеңес береміз", – деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
11.15 – Елордада 16 сәуірден бастап стационарда болған 92 жастағы науқас қауіпті індеттен емделіп шықты. Қарт дәрігерлерге медициналық көмек пен күтім жасағаны үшін алғыс айтып, барлығына зор денсаулық тіледі.
Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық 4 есе көбейген. Агрессорларды ашудан арылтудың жолы бар ма?
10.40 – Елімізде шаштараз қызметі жұмысын қайта бастағаннан кейін екі күн ішінде 52,3 миллион теңге табыс тапты. Орташа түсім 3,5 мың теңгені құрады. Қазақстан бойынша ең көп пайда тапқан үш қала анықталды:
- Нұр-Сұлтан – 1,7 млн теңге;
- Алматы – 1,4 млн теңге;
- Шымкент – 1,3 млн теңге.
Дегенмен, салықшылар елдегі барлығы 17,4 мың шаштараз бен сұлулық салондарының шамамен 16 мыңы қызметін әлі бастамағанын немесе онлайн бақылау кассалық аппаратын қолданбай отырғанын алға тартты. Кәсіпкерлер салықтан жалтару үшін чек бермей отыр деген болжам бар. Сондықтан, салық органдары тұтынушылардан міндетті түрде чек талап етуді сұрады. Еске салсақ, 4 мамырдан бастап барлық өңірде шаштараз қызметі қайта іске қосылды.
Оқи отырыңыз: 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады. Тоқаев мәлімдемесінің толық мәтіні
10.35 – Батыс Қазақстан облысында індетке шалдыққан екі адам Ресейде жұмыс істейтін азаматтар. Олардың бірі 1977 жылғы Шымкент қаласының, бірі 1976 жылғы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Шекарадағы тексеріс кезінде екеуінің де денсаулықтарына шағымдары болмаған. Карантиндік стационарға жатқызылып, ПТР диагностикалық зерттеу жүргізілгенде Covid-19 жұқтырғаны белгілі болды.
10.30 – Қостанай облысында КВИ төрт адам да Жітіқара қаласында тіркелді. Олар 1981, 1987 және 1991 жылғы ер адамдар, сондай-ақ 1996 жылғы қыз. Науқастар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған.
Оқи отырыңыз: "Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады". Президент сұхбатындағы 11 өзекті мәселе
09.25 – Коронавирус жұқтырған 80 адам тіркелді:
- Алматы – 28;
- Нұр-Сұлтан – 25;
- Атырау облысы – 11;
- Маңғыстау облысы – 9;
- Қостанай облысы – 4;
- Батыс Қазақстан облысы – 2;
- Қызылорда облысы – 1.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 4 502 адам анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
- көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
- науқас адамдармен байланысқа түспеу;
- салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.