Қарағанды облысында "Көрнекті ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру" әлеуметтік жобасының жұмыс тобы анықтаған 500-ге жуық жарнамалық қателік өріп жүр, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Мұндай қателіктерді жою үшін 6 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бір айда мамандар екі жүзден астам нысанды аралап шығуы керек.
"Тұтынушы тарапынан сұраныс болмайынша қазақ тіліне сұраныс болмайды. Оған біздің күнде көзіміз жетіп жатыр. Қазақ тілін білетін азаматтардан жарнама қателігін көрген кезде ескертіп отыруын сұраймыз", – дейді жұмыс тобының мүшесі Гүлназ Мұстағұлова.
Оқи отырыңыз: Қазақ тілі қайтсек қажет тіл болады? Сараптама
Мониторингтік топ WhatsApp арқылы сенім желісін де құрған. Мұнда тұрғындардың шағымын қабылдап, жедел түрде тауарда қателігі бар нысанға бірден барып, ескертеді. Топ мүшелері әр кәсіпкерге, мекеме басшыларына сауатты аударманы тегін жасайды. Ал өрескел қателігі барларға бақылаушы топ бір жыл ескерту береді. Егер қателіктер жойылмаса, 5-тен 25 АЕК-ке (15 мыңнан 72 мың теңгеге) дейін айыппұл салынады.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: