Тікелей эфир

Қалауын тапса, қоқыс та кіріс әкеледі. Астанада қалдықтарды қайта өңдейтін болды

Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz
Пилоттық жобаны қолдауға жүздеген астаналық қатысып, тұрмыс қалдықтарын түр-түріне бөліп тапсырды. Шара аясында 1044 килограмм қалдық қабылданды.

Ілгері дамыған сайын технологияның "жасыл" ортаға тигізер залалы көбейеді. Бүгінде экологиялық жағдай кез келген мемлекеттің басты мәселесіне айналған.

Ауаның ластануы, орман ағаштарын кесу қарқыны апаттық деңгейде. Мамандардың айтуынша, жыл сайын жер бетінен 13 миллион гектар орман жойылады екен. Соның кесірінен құстардың әрбір төртінші түрі және қосмекенділердің әрбір үшінші түрі жойылып кетуге шақ тұр.

Оқи отырыңыз: Кәсіп ашқыңыз келсе... Шағын несиеге қалай қол жеткізуге болады?

Ауызсу қорының азаюы да – ең өзекті мәселе. Сондықтан, биосфераны аман алып қалу үшін адамзатқа нақты әрекеттер жасамаса болмайды. Астаналықтар да соған өз үлестерін қосты.

Астана асардан бастады

Елордада Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай экологиялық асар ұйымдастырылды. Қала тұрғындары пластик, шыны бөтелке, макулатура, сынапты шамдар мен батарея, істен шыққан тұрмыстық техникалар мен электронды құрылғылар сияқты қалдықтарды жоюға тапсырды.


Малика бір дорба қалдық тапсырды

Малика бір дорба қалдық тапсырды / Фото informburo.kz


Оқи отырыңыз: 1,5 млн адам жұмыс тауып, 40 мың несие рәсімделген. "Еңбек" бағдарламасы аясында қалай кәсіп бастауға болады?

Малика үйіндегі тастауға қимай жүрген біршама заттарын әкеліпті.

– Макулатура мен шыныларды, полиэтилен пакеттерін әкелдім. Электр шәйнегін де қайда тастарымды білмей жүр едім, – дейді Малика Құрманалина.

"Макулатура – қағаз және картон өндірудегі ең негізгі шикізаттың бірі. Макулатураны жинау және қайта өңдеудің халық шаруашылық маңызы өте зор, яғни оны қайта пайдалану орманды сақтауға мүмкіндік береді және дайын өнімнің бағасын төмендетеді" дейді ұйымдастырушылар.

"Керексіз заттарға екінші өмір сыйлағымыз келді"

– Кез келген үйде істен шыққан, керек болмай қалған заттар бар. Сол заттарды далаға лақтырып, айналамызды ластамай, пайдаға жаратып, екінші өмір сыйлағымыз келді – дейді Жаңылхан әже.

Оқи отырыңыз: Алматыда көпбалалы аналар қалай тегін кәсіп үйрене алады?


Бір бөтелкені өңдеуде үнемделген энергия 100 Вт шамның төрт сағат жанып тұруына жетеді

Бір бөтелкені өңдеуде үнемделген энергия 100 Вт шамның төрт сағат жанып тұруына жетеді / Фото informburo.kz


Ясмина мен Дарина да үйдегі ұсақ-түйек заттарды иық сөмкелеріне сала келіпті. Істен шыққан планшет, телефон, қуаттағыш құралдар мен құлақаспап тапсырды.


Оң жақта тұрған Дарина – бесінші мектеп гимназия оқушысы

Оң жақта тұрған Дарина – бесінші мектеп гимназия оқушысы / Фото informburo.kz


Оқи отырыңыз: Өз бизнесімді ашқым келеді. Кәсіпті көк тиынсыз қалай бастауға болады?

Бұл заттар қайта өңделеді

– Күн райының қолайсыздығына қарамастан экологиялық шараға белсенді қатысқандардың қарасы көп болды. Қатысушылар істен шыққан теледидар, видео және аудио магнитофон, кір жуатын машина сияқты тұрмыстық техникаларды, макулатура мен шыныларды және пластик бөтелкелерді тапсырды, – дейді ұйымдастырушылар.

Айтуларынша, шарада бас-аяғы бірнеше сағаттың ішінде 100 келідей шыны, 14 келі ірілі-ұсақты қуат беруші батареялар, 85 келі сынапты шам мен 20 келі киім өткізілген. Қабылдау бекеттеріндегі автокөліктер макулатура мен пластикалық бөтелкелерге лық толды.

Бұл заттар Астана қаласындағы қалдықты қайта өңдейтін зауытқа жіберіледі.


Бір адам бірнеше істен шыққан теледидардан тапсырды

Бір адам бірнеше істен шыққан теледидардан тапсырды / Фото informburo.kz


Оқи отырыңыз: Кәсібін түрмеден ашқан кәсіпкер

Қоқысты іріктей алмайтын елдер қатарындамыз

Бүгінде қоқысты іріктеуді игере алмай жатқан мемлекеттер – дамушы елдер. Бұл қатарда біз де бармыз.

Оған бірнеше себеп бар.

Бірінші, тұрмыс қалдықтарын өндейтін технология жолға қойылмаған. Екінші, қажетті ресурстар тапшы. Үшінші, күнде өте үлкен көлемде қалдықтар шығады. Сонымен қатар, адамдар үйілген қоқыстың залалын, экологияға және өз денсаулықтарына тигізер қаупін толық сезінбейді.

Күнбе-күн қалдықтарды қоқыс жәшігіне салмас бұрын ешкім мұның бәрі қайда кетеді деп бір сәт те болса ойланбайды. "Пластика пакеттерге тамақ қалдықтарын, жуындыны, қағаздар мен тағы басқа қалдықтарды бірдей салып, тастай береді" дейді ұйымдастырушылар.

Оқи отырыңыз: Жылыжай салып, көкөніс өсіремін десеңіз...


120 келі пластикалық бөтелке өткізілді

120 келі пластикалық заттар өткізілді / Фото informburo.kz


Контейнер көп, бірақ реттелген қоқыс жоқ

Елордада қалдықтарды бөлек жинау мақсатында іс-шараның қолға алынғанына біраз болғанымен, бұл іс аяқсыз қалып келеді. Ал, құрамында сынап бар энергия үнемдегіш шамдарды жинау және оларды пайдаға асыру жобасы 2013 жылы басталды.

Осындай шамдарды жинау үшін 300 арнайы контейнер орнатылды. Ал, пластикті бөліп жинауға – 500, қағазды бөліп жинауға – 700 контейнер қойылған.

Бес жыл өтсе де, қоқыстарын сұрыптап тастайтындар шықпаған.

"Басында дұрыс жиналмаған қоқыстың қайта өңделетін шикізат ретіндегі құндылығы болмайды. Қағаз жыртылып, бөтелкелер сынып, жарылады, жуындымен араласып, барлығы бүлінеді. Сұрыптап, өңдеуге жарамайды, кейін қоршаған ортаны ластап, үйіліп жатады" дейді ұйымдастырушылар.

Оқи отырыңыз: Мүгедек қызға қолынан келер жұмыс керек, көмек сұрайды


Тапсырылған электр және электронды құралдар 300 келі болды

Тапсырылған электр және электронды құралдар 300 келі болды / Фото informburo.kz


Шаралар санын көбейту керек

– Қалдықты бөліп тастаудың пилоттық жобасын қолдауға жүздеген астаналық қатысты. Қалтасына ұсақ-түйекті сала келгендер де болды. Көліктерінің артына тиеп те әкелді. Осындай шараларды көптеп өткізу арқылы тұрғындардың санасына өзгерту керек, – дейді ұйымдастырушылар.

Қайта өңдеуден үнем көп. Мысалы бір тонна пластик бөтелкені қайта өңдеу – 1,8 тонна мұнай шикізатына үнем. Ал бір тонна металл сынығы бір тонна темір рудасын, 635 келі көмір мен 54 келі әктасты үнемдейді. Бір тонна макулатура 17 ағашты кесілуден сақтайды.

Оқи отырыңыз: Ұжымды "Басқармай-ақ басқару" немесе кәсіпкерлерден вusiness іnsight-тар


Адамзат барда, қоқыс – еш уақытта таусылмайтын қор

Адамзат барда, қоқыс – еш уақытта таусылмайтын қор / Фото informburo.kz


Астана әкімінің мақсаты

Биыл халық алдындағы есептік кездесуде Астана әкімі Әсет Исекешев: "2019 жылы қалдықтарды өңдеуді 75 пайызға жеткіземіз", – деп мәлімдеген болатын.

Бұл салаға биыл тартылатын инвестициялардың көлемі бес миллиард теңгеден асады. Олар қалдықтарды өңдеудің жетілдірілген технологиясын енгізуге жұмсалатын болады.


Астаналықтардың тапсыруға әкелген жарамсыз тұрмыстық заттары ішінде шәйнектен бастап компьютердің пернетақтасына дейін бар

Астаналықтардың тапсыруға әкелген жарамсыз тұрмыстық заттары ішінде шәйнектен бастап компьютердің пернетақтасына дейін бар / Фото informburo.kz


Оқи отырыңыз: Болашақта программистер де жұмыссыз қалуы мүмкін

Бұл жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жетекші елдердің тәжірибесі бойынша, тұрмыстық қатты қалдық "құрғақ" және "ылғалды" фракцияларға бөлініп жиналатын болады. Одан кейін "жасыл энергия" өндірілетін органикалық қалдықтарды өңдеу технологиялары енгізіледі.

"Қалдықтарды өңдеуді 2019 жылға дейін 75%-ға жеткізу дегеніміз осы", – деп нақтылаған болатын Әсет Исекешев сол халықпен кездесуінде.


Күнделікті қолданыстан шығып қалған заттарын да тапсырғандар болды
Күнделікті қолданыстан шығып қалған заттарын да тапсырғандар болды / Фото informburo.kz


Дамыған елдер қоқысты кәдесіне жаратып отыр

Өкінішке қарай, бізде халық экология дегенге назар аудармайды. Ай сайын коммуналдық қызмет үшін төлеп отырғандарын міндетсінеді. Бір пакетке қалай болса солай салынған түрлі санаттағы тұрмыс қалдықтарын кәдеге жарату қиын. Тек қала шетіне апарып үйіп тастайды. Одан табиғат пен адамның өзі зиян шегеді.

Ал дамыған елдерде қоқысты кәдеге жарату экономиканың қозғаушы күшіне айналып отыр. Мәселен, Швецияда тұрмыстық қалдықтан электр қуатын өндірсе, ең таза ел саналатын Сингапурде қоқыстың 90%-ы қайта өңделеді.


Бір тонна полиэтилен пакеттерді қайта өңдеу 3800-7600 литр бензин шығаратын энергиямен бірдей қуат үнемдейді

Бір тонна полиэтилен пакеттерді қайта өңдеу 3800-7600 литр бензин шығаратын энергиямен бірдей қуат үнемдейді / Фото informburo.kz


Бұл көрсеткіш Германия мен Жапонияда 30 пайызды, АҚШ-та 27 пайызды Швейцарияда 25 пайызды құрайды. Франциянда алюминий, әйнек пен қағаз өнімдері түгелге жуық қоқыстан жасалады. Австрия 265 мың тонна жылу энергиясын, ал, Бельгия 75 пайыз тыңайтқыш, шикізат, энергия алып отыр.


405 келі макулатура тапсырылды

405 келі макулатура тапсырылды / Фото informburo.kz


Қазақстанда керісінше, кәдеге жаратпаймыз. Үйілген қоқыстың ортасында отырмыз. Мәселен, біздің елде 43 миллиард тоннаға жуық өндірістік және тұрмыстық қалдық жиналады. Қоқыс көп. Оны өңдейтін зауыт жоқ емес, бар. Бірақ қоқыс ретсіз тасталатындықтан, оның тек екі пайызы ғана қайта өңдеуге жарамды.

Серіктестер жаңалықтары