Тікелей эфир

Өз бизнесімді ашқым келеді. Кәсіпті көк тиынсыз қалай бастауға болады?

Арнайы informburo.kz үшін Дина Лидің иллюстрациясы
Арнайы informburo.kz үшін Дина Лидің иллюстрациясы
Шағын дәмхана иелері бизнесті қалай бастап, дамыту керектігі туралы айтып берді.

Өз бизнесіңді ашқың келеді, бірақ неден бастау керек екенін білмейсіз бе? Бизнесті бастау үшін қанша қаражат қажет, қажет құжаттарды рәсімдеу үшін қайда бармақ керек?

Informburo.kz "Өз кәсібімді ашқым келеді" аталатын жаңа айдары ашылды. Біз мұның ақша табуды ойлап жүргендерге пайдалы болатынына сенеміз.

Дөңгелегі бар дүңгіршектердегі дәмханалар әзірше Қазақстанда кең танымал емес, алайда бұл – келешегі бар кәсіп. Біз мұндай кәсіптің қандай айырмашылығы барын және жаңадан іс бастаушы кәсіпкерлерге нені білу керек екенін зерттеп көрдік.

Оқи отырыңыз: Кәсіп ашқыңыз келсе... Шағын несиеге қалай қол жеткізуге болады?

Фудтрак дегеніміз не, онымен қалай жұмыс істеу керек?

Балмұздақ, жеңіл тамақтар мен сусындар сату үшін ашылған дүңгіршектегі бизнес (food – тамақ және truck – жүк көлігі ). Мұндай дүңгіршектерді адам көп жиналатын жерлерден: концерттерде, жәрмеңкелерде және саябақтарда кездестіруге болады.

Басты артықшылығы көп қаражат құю керек емес, бәсекелестер аз, сонымен бірге жылжымалы бизнес.

Минусы – тек белгілі бір маусым кезінде, негізінен көктем соңында, сосын жазда ақша табуға болады. Саудаға арналған белгілі бір орындарды анықтауда қиындықтар бар, бұл мұндай бизнес иелеріне потенциалын толық көрсетуге мүмкіндік бермейді.

Оқи отырыңыз: Кәсібін түрмеден ашқан кәсіпкер

Басты үш шарт

2019 жылдың қаңтар айында Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлерді фудтрак бизнестерге көңіл аударуға шақырды. Осы уақытта ведомствоның кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры болған Асылбек Жақыпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "дүңгіршектегі бизнесті" ұтымды әрі өзін өзі тез ақтайтын кәсіп деп атады.

"Жүк көліктерін жалға алады да, сонда жұмыс істейді. Қазір бұл мәселеде нақты реттеу жоқ. Кез келген адамға шартты түрде айтқанда газ плитасын, баллонды салып алып, қалада жүйткіп жүріп сауда жасауға жол беруге болмайды. Үш негізгі құрамдас бөлікті реттеу қажет. Бұл өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережесін және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау, сондай-ақ әрине тиісті орындарды қалалық әкімдік анықтауы тиіс", – деді Ұлттық экономика министрлігінің өкілі.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасынан "дүңгіршектегі саудаға" Қазақстан заңнамасында бөлек талаптар жоқтығын хабарлады. Мәселен, АҚШ-та мұнай кәсіп иелеріне арналған "Мобильді сауда туралы" заң әзірленген. Онда тиісті рұқсатты алғаннан кейін өнімді саудалап, сонымен бірге бағытты жергілікті билікпен келісудің қажеті жоқ.

Оқи отырыңыз: Қытайдан келген кәсіпкер: Қазақстанда іскер адамды қолдау деңгейі мүлде төмен

Дүңгіршектерге орындар беру қалай реттеледі?

Негізі бұлар қоғамдық тамақтану нысандары болып табылады. Сондықтан қызметі "Сауданы реттеу туралы" Заңмен, сондай-ақ санитарлық қағидалар мен нормалармен реттеледі.

"Дүңгіршектегі бизнестің" кәсіпкерлер арасында қаншалықты кең танылғанын анықтау қиын. Қызметінде де, тіркеу кезінде де бизнестің мұндай түрінің еш айырмашылығы жоқ. Дүңгіршектің орналасқан орнын ауыстыру – жергілікті атқарушы органның құзіретінде (әкімдіктің)", – дейді "Атамекен" ҰКП-дағылар.

Сауданы тек дүңгіршектің ішінде жасауға жол беріледі. Бұл ретте жол қозғалысы ережелерін және заңнаманың басқа да талаптарын сақтау қажеттігі айтпаса да белгілі.

"Мәселен, қоғамдық тәртіпті сақтау, сағат 23.00-ден кейін шуламау, кәмелет жасына жетпегендерге темекі және ішімдік сатпау керек. Дүңгіршек орналасқан жерде үгіттеу шараларын өткізбеу, тыйым салынған тауарларды сатпау (мәселен есірткі), яғни ҚР барлық заңнама талаптарын сақтау", – деп нақтылады "Атамекен" ҰКП ресми өкілі Бибігүл Нысанбаева.

Палатадағылар сондай-ақ қазір нормативтік-құқықтық актілердің қазір саябақтарда, концерттерде және басқа да адам көп жиналған орындарда тамақ сату мәселесін реттемейтінін айтты. Бастысы сауда белгіленген орында жүргізілуі керек.

Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Хочу открыть своё дело. Фудтрак с нуля

Байланыс керек пе, әлде таза абыроймен шаруа біте ме?

Елордалық кәсіпкер Марклен Оганян 2017 жылдың көктемінде сусындар мен тез дайындалатын тағамдар сату үшін үш дүңгіршек сатып алған. Оның айтуынша, дүңгіршектің орналасу орнын жергілікті билікпен келісу қиын.

"Мұндай бизнес үшін адам көп жүретін орын керек. Бұл концерттер, саябақтар, жәрмеңкелер және т.б. Қалада жүріп, тамақ сатуға болмайды. Өз тәжірибемді айтайын: адам көп жүретін орынды алу үшін таныс керек. Білмеймін, мүмкін басқаларда басқаша болған болар. Сауда орталықтарының қасынан да сауда нүктесін жалға алуға болады. Алайда жалға алу құны қымбат болып, бизнес өзін-өзі ақтамауы мүмкін", – дейді Марклен.

Алматылық кәсіпкер Елдар Жүсіпов те (әңгімелесушінің қалауымен аты өзгертілді) Маркленнің айтқандарының кейбірімен келіседі. Алайда мұндай бизнесте таныстар шешуші рөл атқармайтынын айтады. "Егер фудтрактан сауда жасауға рұқсат сұрап жүгінсең, билік қуана-қуана келіседі", – дейді Елдар.

"Сізде бәрі санитарлық жағынан талаптарға сәйкес болса, әрі беделіңіз болса жетіп жатыр. Жазда балмұздақ, хот-догтар, дөнер, басқа да тез дайындалатын тағам, ал қыста көлікті қайта жабдықтап ыстық сусындар сатуға болады. Сұраныс әрине аз болуы ықтимал. Қоспаларының дайын болу тиістігін ескеріңіз. Мәселен, егер бургер сататын болсаңыз, мұздатқышыңызда міндетті түрде қатқан котлеттер болуы тиіс. Өйткені шығындарда мұны есепке алу керек: котлетті біреуден сатып аласыз ба әлде бір жерде дайындайсыз ба", – дейді кәсіпкер.

Оқи отырыңыз: Жылыжай салып, көкөніс өсіремін десеңіз...

Кәсіпті көк тиынсыз бастаймыз. Қанша қаражат керек?

Дүңгіршекте дәмханасы барлардың айтуынша, базалық жиынтығы бар тіркемелі дүңгіршектердің бағасы 5-тен 8 миллионға дейін тұрады. Бұған қозғалмалы ас үйдің ішкі жабдықтарын қосамыз. Қорытындысында: бірінші маусымдағы жұмыстарға салынатын қаржы шамамен 15 млн теңге болуы мүмкін.

"Дүңгіршектегі бизнес" шағын және орта бизнесте айтарлықтай өзекті. Орта әне аз бюджетті франшизаға жатады. Инвестициялары 50 мың долларға дейін жетуі мүмкін (19 млн теңгеден көп. – Авт.). Бұл тұтас жарнаны (франшизаны сатып алу), жабдықтарды, материалдарды және т.б. қосқандағы қаражат", – дейді KazFranch Қазақстанның франчайзинг қауымдастығының директоры Әдемі Досжанова.

ОЛ Red Dragon (тез амақтану желісі) мен Zheka's doner house франшизасын мысалға келтірді. Қазіргі уақытта Досжанованың айтуынша осылар ғана қолжетімді. Франчайзингтік жобаларға салынатын инвестиция көлемі 300 мың теңгеден 50 мың долларға дейін жетеді.

Оқи отырыңыз: Бірінші топтағы мүгедек:"Мені бақытты ететін сүйікті ісім мен жарым"

Стартап қаржыландыруды "Даму" қорының бағдарламасы бойынша алуға болады.

"Мәселен, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы бар. Бұл бағдарламаның бағытының бірі ірі және шағын бизнесті несиелеу болып табылады. Бағдарламаға сәйкес, қаладағы және шағын қалалардағы (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) бір қатысушыны қаржыландырудың ең жоғары шекті сомасы – 6500 АЕК дейін (16,4 млн теңге). Ал, Елорда, Алматы, Ақтау мен Атырауда – 8000 АЕК (20,2 млн теңге). Несиелеу мерзімі – жылдық 6% көп емес мөлшерлемеде 7 жылға дейін", – деп хабарлады "Даму" қорынан.

Қор мұндай бизнес иелеріне бизнес ашу үшін несиеге кепілдеме бере алады. Бұл банкке қоятын кепілдері жоқтарға қатысты: стартап бойынша 85% және қолданыстағы жобалар бойынша 50%-ға дейін. Шағын және орта бизнесті қаржыландырудың түрлі аймақтық бағдарламалары бар.

Құйылған қаражат қанша уақытта өзін-өзі ақтайды?

Бизнес иелерінің айтуынша, егер сауда сәтті бола 3-4 маусымда. Бір стақан кофенің өз бағасы – шамамен 150 теңге. Ал, дүңгіршектегі бағасы – 600 теңге. Айырмашылығы 450 теңге. Одан салық төлейсіз, қалғаны қалтаңызда қалады. Дәмханада сатылатын басқа тағамдардың бағасы да осындай болады.

"Шығындар мен қызметкерлер саны әр жағдайда жекелей есептеледі. Кез келген бизнес идеясын жүзеге асыру бизнес-жоспардан басталады. Өйткені есептеу арқылы пайда туралы мәліметтерді алу тиімдірек", – деп хабарлады "Атамекен" ҰКП-нан.

Бизнес-жоспарды "Даму" қорындағылар да, "Атамекендегілер" де тегін жасауға көмектеседі.

Авторы Ербол Қазистаев.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.

Серіктестер жаңалықтары