№1. Жылдық 2 пайыз жеңілдетілген несиемен кім үй ала алады?
- Көпбалалы отбасылар;
- Толық емес отбасылар;
- Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар.
- Көпбалалы отбасылар – 31 725;
- Толық емес отбасылар – 106 149;
- Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар – 19 281.
Оқи отырыңыз: Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі
№2. Отбасының табысы қандай болуы керек?
|
Қарыз сомасы |
15 млн |
12 млн |
9 млн |
6 млн |
|
|
Қажетті табыс |
2 ересек адамды есептегенде |
104 250 |
88 450 |
72 650 |
56 850 |
|
1 ересек адамды есептегенде |
91 625 |
75 825 |
60 025 |
44 225 |
|
|
Алғашқы 8 жылдағы төлем |
79 000 |
63 200 |
47 400 |
31 600 |
|
|
Қалған 11 жылдағы төлем |
57 482 |
44 621 |
31 760 |
18 896 |
|
Оқи отырыңыз: "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен" ипотека: баспана сатып алу үшін қанша қаражат жинау керек?
№3. Жеңілдікпен несие алу үшін қайда жүгіну керек?
- ҚР азаматы болуы тиіс;
- Өтініш берген кезде өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің меншігінде баспана болмауы керек;
- Отбасының әр мүшесіне шаққанда соңғы алты айда айлық табысы 42 500 теңгеден аспауы тиіс;
- Отбасы статусын растайтын тұрғын үй басқармасының жолдамасын алу;
- Неке бұзылғаннан кезден бастап 3 жыл мерзім өтуі керек (толық емес отбасыларға өтірік ажырасу жағдайларын болғызбау үшін);
- Еңбек және кәсіпкерлік қызметтен түскен отбасының жиынтықталған табысының болуы;
- Төлем қабілеттілігін растау.
- Әкімдіктен жолдама;
- Жеке куәлік – өзінің және жолдасының (жұбайының);
- Неке туралы куәлік, неке бұзғаны туралы құжат, қайтыс болғаны туралы анықтама;
- Балалардың туу туралы куәліктері;
- Мекен-жай анықтамасы;
- Несие тарихы туралы есеп;
- Соңғы 6 және/немесе 12 айдағы табысы туралы жұмыс беруші берген анықтама, кәсіпкерлік қызметінен соғы екі жылдықтағы табысы туралы декларация;
- Соңғы 6 немесе 12 айдағы зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме (өзіне және жұбайы/жолдасына).
Оқи отырыңыз: Ипотека төлеушілер үшін салық жеңілдігі қандай?
№4. Жылдық 2 пайыз несиемен қандай пәтер сатып алуға болады?
- Мүліктің пайдалануға берілген мерзімі 50 жылдан аспау тиіс;
- Бетон, кірпіш, тастан қаланған үйдің пайдалану мерзімі 60 жылдан аспауы тиіс;
- Саман тастан/өңделмеген кірпіштен салынған үйдің пайдаланылған мерзімі 25 жылдан аспауы тиіс;
- Ағаштан (діңгек, шеген, бөрене) тұрғызылған үйдің пайдаланылған мерзімі 30 жылдан аспауы тиіс.
№5. Қандай жағдайда өтінімді мақұлдаудан бас тартуы мүмкін?
- Мұқтаж ретінде тұрғын үй кезегіне тұрғаны туралы әкімдіктің анықтамасы болмаса;
- Таңдалған пәтер банктің кепілдік талаптарына сәйкес келмесе;
- Бастапқы жарна болмаса (пәтер бағасының 10 пайызы);
- Төленбеген несиесі болса немесе несие тарихы онша емес болса;
- Төлем қабілеттілігі расталмаса және/немесе кепілзаты болмаса;
- Меншігінде басқа баспанасы болса;
- Толық емес отбасылар үшін неке бұзылған мерзім 3 жылға жетпесе;
- Әрбір отбасы мүшесіне шаққанда отбасының кірісі 42 500 теңгеден асатын болса.
Оқи отырыңыз: 60 млрд теңге жеңілдетілген несие. Биыл "Әскери баспанамен" кімдер үй ала алады?
№6. Қандай отбасыларға бастапқы жарна сертификаты беріледі?
Оқи отырыңыз: Көп балалы отбасыларға айына 6,5 мың теңгенің үйлері беріле бастайды. Заңға қол қою ғана қалды
№7. Несиені рәсімдеу тәртіптері қандай?
- Әкімдіктен жолдама алу;
- Төлемқабілеттілігін растау үшін банкке құжаттарды тапсыру;
- Бағдарламаға қатысу мүмкіндігін алу, пәтер табу (іздеуге 3 ай беріледі);
- Тұрғын үй құжаттарын банкке қарауға тапсыру, пәтерді немесе үйді сатып алуды банктің мақұлдағаны туралы хабарламаны күту;
- Тұрғын үй сертификатын алу үшін әкімдікке жүгіну;
- Банктің шотына бастапқы жарнаны салу;
- Сатып алу-сату келісім-шартына қол қою;
- Кепілдеме келісім-шартын жасау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан тіркеуден өту;
- Қарызды алып, пәтерді сатушымен есеп айырысу.
Оқи отырыңыз: Көпбалалы отбасыларға 1 мамырдан бастап пәтер беріле бастайды. Оны қалай алуға болады?
№8. Несиелер қайтарылмаса не болады?
Л.Ибрагимованың айтуынша, бағдарламаға ең төменгі жалақы алатын болса да жұмыс істейтіндер және кереғар көңіл күймен емес, өзінің баспана жағдайын жақсартуға қандай да бір әрекет жасауға талпынғандар қатыстырылады.lw-3094948329-1
USD:
509.5 / 516.5
EUR:
595.0 / 605.0
RUB:
6.07 / 6.37