Тікелей эфир

Ипотека төлеушілер үшін салық жеңілдігі қандай?

Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
Салық кодексінің 349-бабына сәйкес, ипотека рәсімдеген азаматтар салықты аздау төлеу мүмкіндігі бар. Ол үшін не істеу керек?

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ипотека рәсімдеген азаматтарға салықтық жеңілдіктер бұрыннан қарастырылған. Енді, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, екінші деңгейлі өзге банктерде тұрғын үй несиесін рәсімдеген жандарға да осы жеңілдік берілетін болды.

Оқи отырыңыз: Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі

Салық кодексінің 349-бабында жеке тұлға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен несие алған жағдайда сыйақыны өтеуге бағытталған сомаларға салық шегерімдері қолданылатыны жөнінде тармақ бар:

Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсалған, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.

Оқи отырыңыз: Көп балалы отбасыларға үй беріле бастады. Жалдамалы үйлер мен 2% несиені алу үшін қойылатын талаптар

Бұл жеңілдікті алу үшін не істеу керек?

Ипотека рәсімдеген азамат төмендегі құжаттарды жұмыс берушісіне тапсыруы тиіс:

  • Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен жасаған несие шартының көшірмесі;
  • Қарызды өтеу кестесінің көшірмесі;
  • Өтеуді растайтын құжат (чек, төлем түбіртегі немесе ТҮҚЖБ-нен алынған үзінді көшірме.

Бұл мәселе Салық кодексінде бұрыннан бар болғанымен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ипотека рәсімдеген кей жандар бұл ақпараттан бейхабар. Ол азаматтар бұған дейін өтіп кеткен 5 жылға да жеңілдік ала алады. Ол үшін өтініште несиені өтеген, алайда, жеңілдіктер қолданылмаған кезеңді көрсету қажет. Өтініште тек соңғы 5 жыл ішіндегі уақыт аралығы көрсетілуі шарт. Жұмыс беруші қайтадан есеп жүргізіп, айырманы қайтаруға міндетті.

Оқи отырыңыз: Салық кодексі биыл тағы өзгерді. Салықтан кім босатылады?

Серіктестер жаңалықтары