Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 42 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

23.59. Коронавирус жұқтырғандар саны – 2 416

  • Алматы – 787;
  • Нұр-Сұлтан – 446;
  • Қызылорда облысы – 164;
  • Шымкент – 141;
  • Қарағанды облысы – 108;
  • Жамбыл облысы – 101;
  • Батыс Қазақстан облысы – 100;
  • Атырау облысы – 88;
  • Ақмола облысы – 88;
  • Түркістан облысы – 85;
  • Павлодар облысы – 76;
  • Алматы облысы – 73;
  • Ақтөбе облысы – 55;
  • Қостанай облысы – 38;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30;
  • Маңғыстау облысы – 20;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 16.

Жазылғандардың жалпы саны – 604.

Көз жұмғандар – 25.

23.59 – 24 сәуірде коронавирус жұқтырған 127 адам тіркелді. 44 адам емделіп шықты және бес адам қайтыс болды.



23.55 – Коронавирус анықталған адамдар туралы:

Қызылорда облысында Covid-19 жұқтырған үш адам да Шиелі ауданында тіркелген және коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. Нәтижесі – оң.

Шымкентте 1966 жылғы айел мен 1984 жылғы ер азамат өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Нәтижесі – оң.

Атырау облысында вирус жұқтырғандардың үшеуі 1993, 1987, 1973 жылғы ер адамдар, біреуі 1966 жылғы әйел адам. Олар коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Covid-19 диагнозы қойылды. Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Денсаулықтары қанағаттанарлық жағдайда.

Батыс Қазақстан облысында анықталған 7 адамның барлығы да Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін азаматтар. Олардың бесеуі – БҚО, екеуі – Түркістан және Жамбыл облысының тұрғындары.

Ресеймен шекарадағы "Тасқала" және "Сырым" автоөткелдеріндегі санитарлық-карантиндік бекеттерде эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізуі кезінде азаматтардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығынан коронавирус нақтыланды. Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Павлодар облысында коронавирус инфекциясы Екібастұз қаласының 1960, 1962, 1966, 1977, 1987, 1988 жылғы тұрғындарынан, сондай-ақ Павлодар қаласында тұратын 1970 жылы ер адам және 1963, 1991 жылғы әйел адамдардан және Ақсу қаласында тұратын 1992 жылғы әйелден табылды. 10 адамның тоғызы короновирус жұқтырған адаммен ықтимал қарым-қатынаста болған. Павлодарлық 1963 жылғы тұрғын алдын ала пневмония диагнозымен түскен, 24 сәуірде коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус 1965 жылғы ер адамда анықталды. Глубокое ауданының тұрғыны 22 сәуірде Ресей Федерациясынан оралған. Бір күннен кейін аурудың алғашқы белгілері, дене қызуының көтерілуі мен әлсіздік пайда болған. Дереу провизорлық стационарға оқшауланып, ПТР әдісімен алынған талдау оң нәтиже көрсеткен. Науқас инфекциялық боксқа ауыстырылып, тиісті ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта.

Оқи отырыңыз: Елжан Біртанов: Барлық медицина мекемелері жұқпалы аурулар ауруханасының форматында жұмыс істейтін болады

23.05 – Коронавирус жұқтырған тағы 40 адам тіркелді:

  • Нұр-Сұлтан – 8;
  • Шымкент – 2;
  • Батыс Қазақстан облысы – 7;
  • Павлодар облысы – 10;
  • Атырау облысы – 4;
  • Қызылорда облысы – 3;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1;
  • Түркістан облысы – 4;
  • Алматы облысы – 1.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған барлығы 2 416 адам анықталды.



22.20 – Covid-19 жұқтырған 3 науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылды:

  • Нұр-Сұлтан ‒ 1;
  • Атырау облысы ‒ 2.

Қазақстанда барлығы 40 емделуші реанимациядан бейінді бөлімге ауыстырылды.

22.00 – Шетелдік инвесторлар коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуді жеңілдету үшін Нұр-Сұлтан ауруханаларына медициналық құрал-жабдықтар берді. Медицина қызметкерлері жабдықты пайдалану бойынша тиісті дайындықтан өтті. Сатып алынған медициналық құрылғыда қарқынды терапияға арналған заманауи жабдықтар, атап айтқанда, төсек мониторлары, инфузиялық сорғылар, қан анализаторы, электркедергілі томограф, сондай-ақ реанимацияға арналған функционалды жабдықтар кіреді.

Оқи отырыңыз: Коммуналдық қызметтер үшін кімдерге 15 мың теңгеден беріледі?

19.52 – Жамбыл облысында тағы 2 адам коронавирустан жазылып шықты. Қазақстанда барлығы 604 адам ауруынан айықты.

19.35 – Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров төтенше жағдай режиміне қарамастан көктемгі егіс жұмыстары мерзімінде орындалатынын мәлімдеді. Егіс науқаны Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарында белсенді жүргізілуде.

19.30 – Алматы облысында Covid-19 анықталған үш адам туралы:

1967, 1991, 1959 жылы туған азаматтар – Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегіТүймебаев пен Междуреченск ауылдарының тұрғыны.

Вирусологиялық зерттеулер нәтижесі оң болғандықтан, олар Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылған. Олармен байланыста болған 18 адам медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны – 71.

18.45 – Алматыда коронавирустан қайтыс болғандардың бірі – белгілі дәрігер-педиатр Гүлназым Нұрғалиева.

"Кеше Cоvid-19 вирусынан дәрігерлер отбасында дәрігер-педиатр Нұрғалиева Гүлназым Насибуллинқызы қайтыс болды. Оның күйеуі – хирург, ал үлкен ұлы – №12 қалалық клиникалық ауруханада травматолог. Бұл өлімге біреуді айыптағым келмейді. Өз өмірін балаларды құтқаруға арнаған жарқын әйел туралы айтқым келеді. Арыс, Шымкент және Алматыдағы аналар оның есімін "Галя тәте" деп еске алады", – деп жазды ұлы Тимур Қуандықов.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге төлем алуға өтініш беру жалғасуда. Қандай қателіктерден абай болу керек?

18.40 – Коронавирустан сақтану жолдары:



18.30 – 42 500 әлеуметтік төлем алған 164 730 адам ақшаны өз еркімен қайтарған. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай мәлімдеді. Әлеуметтік төлем 4,2 млн адамға тағайындалған.

18.25 – Коронавирус жұқтырған тағы 42 адам тіркелді:

  • Алматы – 23;
  • Павлодар облысы – 4;
  • Алматы облысы – 3;
  • Ақмола облысы – 3;
  • Нұр-Сұлтан – 5;
  • Батыс Қазақстан облысы – 1;
  • Жамбыл облысы – 2.

Қазақстан бойынша барлығы – 2376.

18.10 – 17 адам коронавирустан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан – 1;
  • Алматы – 2;
  • Қызылорда облысы – 14.

Қазақстанда барлығы 602 адам ауруынан айықты.



17.50 – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру мәселелері, сонымен қатар экономиканы қалпына келтірудің одан кейінгі шаралары, дағдарыстан кейінгі кезең қарастырылды.

Елбасы қиын кезеңді еңсеру үшін Қазақстанның қазір жасап жатқан шараларының шешуші маңызға ие болатынын айтты. Сондай-ақ, Ұлттық қор қаржысын үнемдеп жұмсауға шақырды.

Оқи отырыңыз: Президенттің төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары. Толық тізім

17.30 – ҚР парламент мәжілісінде жұмыс тобы "Төтенше жағдай мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" үкіметтік заң жобасын талқылады. Үкімет төтенше жағдай кезеңінде жұмыс істеу жағдайларында жұмыс істеу тәжірибесін ескере отырып, заңнамалық шаралардың қосымша пакетін енгізеді.

17.10 – Маңғыстау облысында Covid-19 жұқтырған 20 адам тіркелді. Төрт адам жазылып шықса, бір адам қайтыс болды.

Ауырғандардың контингенті бойынша:

  • медицина қызметкері – 1;
  • полиция қызметкері – 3;
  • әскери қызметші – 1;
  • зейнеткер – 2;
  • жұмыссыз – 9 адам.

Инфекциялық стационарда 15 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 1 науқастың жағдайы тұрақты ауыр.

17.00 – Маңғыстауда коронавирустан көз жұмған адам туралы:

Қайтыс болған азамат – Мұнайлы ауданыБатыр ауылының 1980 жылғы тұрғыны. Ол 20 сәуір күні ыстығы көтеріліп, қатты ауырған соң жедел жәрдемге хабарласқан. Оның жедел жәрдем шақыртқанға дейін үйінде бір аптадай ауырғаны анықталған. Бірден карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Алғашқы тест нәтижесі теріс болған. Екінші тест оң болып, Covid-19 анықталды.

Әскери қызметші Ақтау қаласын дезинфекциялау жұмыстарына қатысқан. Марқұмның артында әйелі мен бес баласы қалды. Казіргі уақытта науқаспен жақын байланыста болған отбасы мен өзге де әскери бөлімнің қызметкерлері ауруханаға жатқызылды.

16.55 – Маңғыстау облысында коронавирустан алғашқы адам қайтыс болды. Қазақстан бойынша барлығы 25 адам көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандар қалай жерленеді? Министр бұйрығы, ҚМДБ пәтуасы және шетел тәжірибесі

16.15 – ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін Қазақстанда ішкі әуе рейстеріне – 2 сағат ішінде, халықаралық әуе рейстерді 3,5 сағат ішінде тіркеуді бастау ұсынылатынын хабарлады.

16.10 – Алматыда әнші Ернар Айдар мен тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, ұтыс өткізген. Олар онлайн түрде тікелей эфир жүргізген. Карантин ережесін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.

16.05 – 17 адам коронавирустан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан – 3;
  • Атырау облысы – 4;
  • Қызылорда облысы – 5;
  • Қарағанды облысы – 4;
  • Павлодар облысы – 1.

Қазақстанда барлығы 585 адам ауруынан айықты.

15.10 – Алматыда коронавирустан көз жұмған 1945 жылғы адам жайлы:

Пациент 12 сәуірде Covid-19 диагнозымен инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылған. ЖИА, артериялық гипертония, алдыңғы ми артериясының аневризмі, созылмалы пиелонефрит, екі жақты пневмония сияқты қосымша аурулары болған.

Диагностикалау және емдеу хаттамасы бойынша ем алды. Стационарда өте ауыр жай-күйде, өкпені жасанды желдету аппаратында болды.

14.15 – Коронавирустан Алматыда 1945 жылы туған азамат көз жұмды. Барлығы 24 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: ЖОО студенттері биыл қалай емтихан тапсырып, диплом жұмысын қорғайды?

14.05 – Алматыда 280 адамға есептелген модульді жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Мекеме 18 күннің ішінде бой көтерді. Ішінде 9 клиника бөлімшесі, 28 төсекке арналған реанимация бөлімшесі, бір кісілік және далаға бөлек шығуға болатын 10 палата, динамикалық бақылауда болатын бес бір кісілік палаталары бар қабылдау бөлімі орналасқан.


Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Модульді кешенде персоналға арналған үй-жай қарастырылған. Зертханаға арналған төрт үй-жай, КТ, рентген, эндоскопиялық жабдықтар, УДЗ және электрокардиограф орнатуға арналған жеке үй-жайлар бар. Реанимация бөліміне 28 жасанды тыныс алу аппараты қойылды.

Штатта 75 дәрігер, 100 медбике және кіші медициналық қызметкерлер бар. Мекеменің барлық қызметкерлері "Атакент парк отель" қонақ үйіне орналастырылды. Қызметкерлер таңертең және кешкі уақытта тегін тасымалданады.


Фото Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

13.50 – Қарағанды облысында блок бекеттен өтуге тырысқан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Жүргізуші көліктің жүк салғышына 35 жастағы әйелді салып тасыған. Ер адам оны өзінің қалыңдығы деп мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Коронавирусты анықтайтын тестті тегін тапсыруға болады. Ол үшін не қажет?

13.40 – Сорос-Қазақстан қорының камқоршылар кеңесі Covid-19 пандемиясы кезеңінде халықтың әлеуметтік ең әлсіз топтарына көмек көрсету үшін 500 000$ арнайы резерв қаржы бөлуді ұйғарды.

Арнаулы қор аясында пандемия кезеңінде әлеуметтік әлжуаз топтарды қолдау, жалған ақпарат таратуға қарсы тұру, онлайн оқытуға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік бюджет қаражатының пандемиямен күреске жұмсалуына мониторинг жүргізу, төтенше жағдай кезіндегі адам құқықтарын қорғау және алдыңғы орынға шығару жөніндегі өтінімдер қабылданады.

Сондай-ақ, қор 23 млн теңгеге медицина қызметкерлеріне арналған жеке қорғану құралдарын сатып алуды көздеп отыр.

13.25 – Нұр-Сұлтан дәрігерлері Ақмола облысының арнайы қызмет көрсету орталығының 7 науқасын коронавирустан емдеді. Олардың арасында 1927, 1933, 1944, 1955, 1961 жылғы әйелдер мен 1978, 1984 жылғы ер адамдар бар. Олар 7 сәуірден бастап № 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында ем алған.


Фото Нұр-сұлтан әкімдігінің сайты

13.15 – Нұр-Сұлтандағы жұқпалы аурулар ауруханасын салуға бар болғаны 12,5 күн уақыт кеткен.

Бұл аурухана 200 адамға шақталған. Жалпы ауданы – 7 мың шаршы метр. Құны – 5 млрд теңге. Тәулік бойы 1 000 адам құрылықа қатысты.

Келесі аптада аурухана алғашқы науқастарын қабылдайды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусты анықтайтын тестті тегін тапсыруға болады. Ол үшін не қажет?

13.10 – Ақмола облысында 8 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 568 адам.

12.45 – Павлодар облысында Covid-19 жұқтырған төрт адам туралы:

Коронавирус Екібастұз қаласының 3 тұрғыны – 1984 жылғы әйел адамнан, 2003 жылы туған және 2012 жылғы кәмелет жасына толмаған қыз балалардан табылды. Сонымен қатар 1966 жылғы Павлодар қаласының тұрғынында коронавирус анықталды.

Екібастұз қаласының үш тұрғыны бұған дейін вирус анықталған адамдармен қарым-қатынаста болған.

23 сәуірде 1966 жылғы Павлодар қаласының тұрғыны жедел жәрдемге хабарласып, дене қызуының жоғары екенін, өзін әлсіз сезініп тұрғанын айтқан. Covid-19 талдау сынамасы оң нәтиже көрсетті.

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 62 адам тіркелді.

12.40 – 27 сәуірде төтенше жағдай режимі кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетудің екінші кезеңі басталады,деп хабарлады Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

"Бұрын көмекпен қамтылмаған 210 мыңнан астам мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден алады. Азық-түлік себеті мен жеке қорғаныс құралдары түрінде атаулы көмек жалғасады", – деді Бауыржан Байбек.

12.39 – Нұр-Сұлтанда 30 сәуірде күшейтілген карантин режимін жарияланып, 26 мобильді бекеттер қойылды. Карантинді бұзғаны үшін 3 мыңнан астам тұрғын жазаланып, төтенше жағдай режимін бұзған 1100 автокөлік анықталды.

Оқи отырыңыз: "Өзіңізге де, өзгелерге де қамқор болыңыз". Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге арналған 84 практикалық кеңес

12.37 – Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Макен коронавирусқа қарсы күресетін полиция қызметкерлері қонақүйге жатқызылғанын айтты.

12.35 – Нұр-Сұлтанда қазірге дейін 26 107 ПТР диагностикалық зерттеу жүргізілген. 9 сәуірде қалада басталған жаппай экспресс тестілеуден 12 752 адам өткен. Тағы 41 мың тест медициа және полиция, ұлттық гвардия қызметкерлеріне, әскери қызметшілер мен коммуналдық қызмет жұмысшыларына бөлінді.

12.22 – Бүгін 10.40-та Нұр-Сұлтанда 1954 жылғы Ресей азаматшасы коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бахтияр Макен мәлімдеді.

15 сәуірде жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға әкелінген. Сол кезде жағдайы өте ауыр болған. Жан сақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Коронавирус анықталды. Екі жақты полисегментарлы пневмония, қант диабеті созылмалы аурулары бар. Хаттамаға сәйкес ем-дом жасалды. Күн сайын кәсіби мамандармен өткізілген консилиум өмен интенсивті терапияға қарамастан бүгін жүрегі тоқтады.

12.15 – Екі ұйымда жұмыс істейтін қазақстандықтар қажет анықтамаларды көрсетсе 42 500 теңге ала алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек ресурстарын дамыту орталығы хабарлады.

Азаматтың екі және одан да көп табыс көзі болған жағдайда жүйе автоматты түрде тағайындаудан бас тартады. Бұл жағдайда жұмысынан айырылғаны туралы дәлел ұсынуы қажет.

Оқи отырыңыз: Медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақы. Маңызды 10 сұраққа жауап

12.05 – Түркістан облысында Covid-19 жұқтырған төрт адам туралы:

Қапшағай қаласының 1974 жылғы тұрғыны Қызылорда қаласында жұмыс істеген. Сарыағаш ауданындағы ата-анасына 15 сәуір күні келген.

Қазығұрт ауданы Шанақ ауылдық округі Ақжар ауылының 1962 жылғы тұрғыны, Сарыағаш ауданы Жарты-төбе ауылдық округі Ынтымақ ауылының 1982 жылғы тұрғыны, Сарыағаш ауданы Жарты-төбе ауылдық округі Құрама ауылының 1968 жылғы тұрғынынан вирус расталды.

Аталған азаматтар коронавирус жұқтырған науқастармен жақын байланыста болған. Науқастар оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған барлығы 79 адам анықталды. Бір адам қайтыс болды.

11.55 – Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақтелекоммен" бірлесе әзірлеген "Карантиндегі жұлдыз" онлайн-жобасы іске қосылған сәттен 15 млн көрерменді қамтитын 30 онлайн-концерт өткізілген.

Төтенше жағдай басталғаннан бері бүкіл республика бойынша on-line режимде 15 мыңға жуық іс-шара өткізіліп, шамамен 30 млн адамды қамтыған.

11.45 – Маңғыстау облысында Covid-19 жұқтырған адам туралы:

40 жастағы Мұнайлы ауданының тұрғынының ыстығы көтеріліп, өзін жайсыз сезінген соң жедел жәрдемге хабарласқан. Бірден карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Нәтижесі – оң. Облыстық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды.

Науқаспен жақын байланыста болған отбасы мен өзге де адамдар ауруханаға жатқызылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған барлығы 20 адам анықталып, төрт адам жазылып шықты:

  • Ақтау – 11;
  • Жаңаөзен – 4;
  • Маңғыстау ауданы – 4;
  • Мұнайлы ауданы – 1.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлердің күйзеліске түсуіне не себеп? Психоаналитик түсіндірмесі

11.40 – Нұр-Сұлтанға Үрімшіден арнайы ұшақпен гуманитарлық көмек жеткізілді.

Медициналық бұйымдарды Қытайдың бірқатар провинциясы, мемлекеттік органы мен компаниясы жолдады. Медициналық жүкте 131 500 дана маска, 10 900 дана қолғап, 100 дана термометр және 720 дана арнайы қорғаныс киімі бар. Жүкті мемлекеттік органдар мен мекемелерге тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – "СҚ-Фармация" қабылдап алды.


Фото: СІМ баспасөз қызметі

11.35 – Шымкент қаласында қайтыс болған науқас туралы:

1968 жылғы Шымкент тұрғыны 20 сәуірде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылды. Ауруханаға түскен кезде, науқастың ауыр жағдайына байланысты, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.

Науқаста дилатациялық кардиомиопатия, жүрекше фибрилляциясы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті сияқты ілеспе аурулары болды.

Емдеу хаттамаларына сәйкес, науқасқа барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілді. Бірнеше рет республикалық мамандармен кеңес өткізілді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 23 сәуірде сағат 20.30-да науқас қайтыс болды.

Науқаспен байланыста болған барлық азаматтар оқшауланып, карантинге алынды.

11.30 – Шымкентте Covid-19 жұқтырған алты адам туралы:

Алтауы да өзіне дейін вирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған соң карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Нәтижесі – оң. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Шымкентте коронавирус жұқтырған жалпы 139 адам анықталды.

Оқи отырыңыз: Президент коронавирус жағдайына қатысты кезекті телевизиялық үндеу жариялайды

11.28 – Өскеменге Қытайдан медицина бұйымдары тиелген 14 тонна жүк келіп жетті. Атап айтқанда, 100 мың экспресс-тест, 18 мың қорғаныш костюмі, 80 мың респиратор, 10 мың данадан Covid-19 қарсы медициналық қорғаныс маскасы, экрандары мен көзілдірік.


Фото ШҚО әкімдігінің сайтынан алынды

11.25 – Қостанай облысында Covid-19 жұқтырған екі адам туралы:

Жітіқара қаласының тұрғындары – 1972 жылғы ер адам мен 1965 жылғы әйел. Екеуі де вирус жұқтырған азаматтармен қарым-қатынас жасаған. Олардың байланыс жасаған адамдары анықталып, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Қостанай облысында коронавирус жұқтырған барлығы 38 адам тіркелген.

11.20 – Атырау облысында Covid-19 жұқтырған екі адам туралы:

1971, 1992 жылы туған екі ер адам коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша инфекция анықталды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар түгел анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Атырау облысында Covid-19 жұқтырған 84 адам анықталды. Жазылып шыққандар 31.

Оқи отырыңыз: Елжан Біртанов: Барлық медицина мекемелері жұқпалы аурулар ауруханасының форматында жұмыс істейтін болады

11.15 – Дезинфекциялық жұмыстарға, тосқауыл бекеттерінде кезекшілік атқаруға, сондай-ақ патрульдеуге қатысатын Алматы гарнизонының 2000 жуық әскери қызметшісі ПТР-тест пен коронавирустық инфекцияға шұғыл тестілеуден өтті. Сəуір соңына дейін гарнизон бойынша тағы 1500 əскери қызметші анализ тапсырады.


Фото: Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

10.50 – Батыс Қазақстан облысында Covid-19 жұқтырған алты адамдар туралы:

Бес адам Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтіндер. Үшеуі – БҚО, екеуі –Түркістан облысының тұрғындары.

Шекарадағы "Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу кезінде олардың денсаулығына байланысты шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.

Вирус анықталған алтынша адам – 54 жастағы Орал қаласының тұрғыны. Ол өзіне дейін коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Нәтижесі – оң.

Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

БҚО-да коронавирус инфекциясын 92 адам жұқтырған.

10.40 – Қарағанды облысында Covid-19 жұқтырған 5 адам туралы:

Осыған дейін карантиндік госпитальге жатқызылған 1994 жылғы Қарағанды қаласының әйел тұрғыны, 1988 жылғы Теміртау қаласының әйел тұрғыны, 1999 жылғы Қарағанды қаласының тұрғыны, 1989 жылғы Теміртау қаласындатұратын ер адамнан, сондай-ақ үй карантинінде болған 1997 жылғы теміртаулықтан вирус анықталды.

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған жалпы 108 адам тіркелді, оның біреуі қайтыс болды, 30 науқас жазылып шықты.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезіндегі төлемдер. Декреттегі аналардың жағдайы қалай өзгереді?

09.40 – Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас көз жұмды.

Ол 1957 жылы дүниеге келген. Күйеуінің сөзінше, бір апта науқаста жоғары дене температурасы, қақырықты жөтел болған, бірақ дәрігер көмегіне жүгінбеген. Кеше кешкісін кенеттен тұншығып, есінен танып қалған. Жедел жәрдем шақырған, бірақ әйел бригада келгенге дейін қайтыс болған.

Қазақстанда коронавирус індетінен барлығы 22 адам қайтыс болды.

09.30 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 45 адам тіркелді:

  • Алматы – 8;
  • Шымкент – 6;
  • Батыс Қазақстан облысы – 6;
  • Нұр-Сұлтан – 5;
  • Қарағанды облысы – 5;
  • Түркістан облысы – 4;
  • Павлодар облысы – 4;
  • Атырау облысы – 2;
  • Ақмола облысы – 2;
  • Қостанай облысы – 2;
  • Маңғыстау облысы – 1.

09.00 – Шымкентте коронавирус жұқтырған тағы бір науқас көз жұмды.

Ол 1968 жылы дүниеге келген азамат.

Қазақстанда коронавирус індетінен барлығы 21 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
ДСМ жедел желі номері: 1406