АҚШ: тәуелсіздік жолындағы күрес. Фоторепортаж
Америка құрама штаттарының қалыптасуы қиын болған және ол ұзақ уақытты қажет еткен. Еуропалықтар Американы "Жаңа құрлық" немесе "Жаңа әлем" деп атаған. XVIII ғасырдың екінші жартысына дейін испан, ағылшын, португал және француз билігі жаңа құрлықты игеріп, бөлісіп үлгерген болатын. Ағылшындар испандардың жеңілмейтін Армадасын жеңгеннен кейін Солтүстік Америкадағы бірқатар колонияларды өзіне иемденеді.
Ал Америкаға Еуропа құрлығындағы өзінің діни не саяси көзқарасына орай сыйыспаған немесе жаңа құрлықта жаңа өмір бастауды ойлағандардың барлығы жаппай көшкен. 1760-жылдарға қарай Солтүстік Американың шығыс жағалауында Британияның 13 колониясы болды. Олар – Делавэр, Пенсильвания, Нью-Джерси, Коннектикут, Джорджия, Массачусетс, Мэриленд, Оңтүстік Каролина, Солтүстік Каролина, Нью-Гэмпшир, Вирджиния, Нью-Йорк және Род-Айленд. Ал қазіргі АҚШ территориясындағы батыс аймақтар ол кезде әлі игерілмеген болатын.
Оқи отырыңыз: Трамп импичменті: АҚШ президентінің бар үміті Сенатта
Бейбіт қарсылық
Америкалықтар өздерін Британия королінің вассалдары екендігін жақсы білетін. XVIII ғасырдың екінші жартысында Британия королі мен парламенті жаңа құрлыққа салынатын салықты көтеріп, қысымды күшейтеді. Ал америкалықтар империя өкілдеріне тікелей қарсы шықпай, тек өз құқықтарының тапталмауын және салық көлемін азайтуды сұраған.
Америкадағы Британия вассалдарының арасында білім алған, жоғары қызметте болған интеллигенттер де болған. Олар Британияға қызмет етсе де, жаңа құрлықта демократияның билік құрғанын қалады. Сол себепті 13 колония белсенділері Британия королі ІІІ Джорждтен ағылшын парламентіне өз өкілін жіберуді сұрайды.
Ағылшын билігі америкалық вассалдардың өтінішін қабылдамай, бұрынғы деңгейінде салық өндіруді жалғастыра берген.
Америкалықтар Британия парламентінен орын ала алмаса да, Америка құрлығындағы кейбір заңдарды өзгертуді талап етті. Мысалы, 1765 жылы бекітілген Мютини акті. Аталмыш құжатқа сәйкес, әр аймақтағы америкалық отбасылар ағылшын әскеріне жатын орын мен тамақ беруге міндеттелген. Көптеген америкалықтар осы сынды актілерге қарсы болып, өз өкілі жоқ парламенттің бекіткен заңдарына бағынбайтынын таныта бастаған.
АҚШ тарихында 1765-75 жылдарды бейбіт қарсылық жылдары атайды. Бұл уақытта Америкаға орныққан еуропалықтар ағылшын короліне тікелей қарсы шықпай, тек бейбіт түрде талаптарын жеткізіп отырған. Тарихшылардың айтуынша, алғашында олардың ойында Британия империясынан бөлініп шығу болмаған екен.
Америкалықтар Британия үкіметінің өз вассалдарымен санаспай, салық көлемін көтере беруіне қарсылық таныта алмаған соң, бөлініп шығу идеясын жаппай дәріптей түскен.
Олар алғашында "өз өкілдерімізсіз ешқандай салық салу жоқ" дегендей ұрандар көтеріп, жергілікті заң шығару органын құрамдауды ойластырады. Ал ағылшын короліне қызмет еткендер жаңа құрлықта өз заңдары болғаны тиімді емесі анық.
Бейбіт қарсылық көпке созылмайтыны анық еді. 1773 жылы Массачусетс штатындағы Бостон қаласының белсенділері ағылшындардың Ост Индия компаниясы импорт жасаған шай қораптарын суға төккен. Себебі, аталмыш компания импорттайтын тауарларға Америка құрлығында салық салынбаған болатын. Осы белсенділердің акті азаттық үшін тек күресу керек екенін айғақтады.
Оқи отырыңыз: Эльдорадо қазынасы мен Будда мүсіндері. Метрополитен өнер музейінен фоторепортаж
Кейінгі екі жылда америкалықтар арасында Британия заңдарына бағынбайтын жекелеген топтар пайда болды. Олар "Маған не еркіндік, не өлім бер" деп ұрандатты.
Ал 1774 жылы 13 колонияның белсенді саяси өкілдері Филадельфия қаласында бас қосып, жаңа заң шығаратын Конгресс құрамын жасақтайды. Бұл Конгреске қол қойған өкілдер келген штаттар ағылшын заңын шетке ысыруға келіседі.
Ағылшын әскерлері мен азаттық үшін күрескен америкалықтар арасында үлкен әрі алғашқы шайқастар Массачусетс штатындағы Лексингтон және Конкорд елді мекендерінің маңында болған. Британ әскерлері колонистердің біріккен құрамын бағаламай келіп, жеңіліп қалған.
Оқи отырыңыз: Алып қаладағы алып зауыттар неге керексіз болып қалды? Бірге анықтайық. Фоторепортаж
Тәуелсіздік алған күн
Массачусетстегі жеңістен кейін біріккен 13 колония өз тәуелсіздігін бекітуге асықты. Ал Англия королі флотты қайта жасақтап, төңкерісті бастаған америкалықтарды жоюды бұйырады.
1774 жылы құрылған Континенталды Конгресс 1776 жылдың 4 шілдесінде АҚШ декларациясын растап, тәуелсіздікті ашық түрде жариялайды. Оның авторы АҚШ-тың кейіннен үшінші президенті болған Томас Джефферсон еді.
Оқи отырыңыз: Әлемдегі төртінші үлкен музейде қазақ батырларының жарағы тұр. Фоторепортаж
АҚШ тәуелсіздігін алғанымен Британия империясы өз отарынан оңай кері бұрылуға асық емес еді. Континенталды Конгресс бекіткен Конституцияны 11 колония өзіне енгізеді. Тек Коннестикут пен Род-Айледн штаттарының өкілдері ағылшын короліне бағынуды шешеді.
Америкадағы ерікті саяси белсенділер Континенталды Конгресс құрып, заң бекіткен. Ол заңдар жинағы демократиялық ел құруға жеткіліксіз еді. Себебі Континенталды Конгресс құрылымы бойынша, үкіметте бір ғана билік бар. Ол заң шығарушы орган болды.
Сол себепті де, америкалықтар ағылшындарды толықтай жеңгеннен кейін уақытша жазылған заңдар құрамын толықтай өзгертіп, жаңа Конституция бекітеді.
Ағылшындар Лексингтон және Конкорд маңында жеңілгеннен кейін флотындағы бар әскерді жинап, Америкаға жөнелтеді. Олар колонистердің тәуелсіздігін жариялағанын да естігені анық еді.
1776 жылдың жазғы күндерінің бірінде Нью-Йорк тұрғындары жағажай маңына жиналған ағылшын кемелерін көріп, алдағы болуы мүмкін шайқастардың алғышартын көргендей сезіне бастаған. Нақтырақ айтсақ, испандардың жеңілмейтін Армадасын жеңген ағылшын флоты бар кемесімен жаңа құрлыққа жеткен болатын. Олардың жеңісіне шүбә келтіретіндер өте аз болды.
Оқи отырыңыз: Көлік өндірісінің астанасы тоқырауға жақын. Детройт бұрынғы қалпына орала ма?
Континенталды Конгресс құрылған кезде оның 13 колония атынан сөйлейтін президенті де сайланған болатын. Америка құрама штаттарының бірінші президентіне дейін Континенталды Конгресс президенттері болған. Олар 1774-88 жылдар аралығында сайланса да, қазіргі АҚШ президенттері қатарына кіріктірілмейді.
Айта кетсек, Джорджж Вашингтонға дейін АҚШ-ты уақытша 14 президент басқарған. Олардың арасында жартылай афро-америкалық та болған. Ал америкалық төңкеріс немесе азаттық үшін соғыс жылдары Джордж Вашингтон генерал қызметінде америкалық әскерлерді басқарды.
Тәуелсіздік жарияланғанымен, оны сақтап қалу үлкен мәселе болды. Ағылшын әскерлерінің бірінен кейін бірі келген жеңісі тәуелсіздікке ұмтылған америкалықтардың үмітін азайта бастады.
Ағылшындар жаңа құрлықта өз өздерін тәуелсіз деп жариялаған ұлт астанасы Филадельфияны да басып алады. Америкалықтар кері шегінсе де, қайтпайды.
Соғыс жылдары америкалықтар әртүрлі жалаулар пайдаланған. Жоғарыдағы суреттердің бірінде америкалықтар тәуелсіздік үшін күрессе де, ағылшындардың империялистік белгісін туына бекітіп соғысқан.
Оқи отырыңыз: Ниагараға саяхат. АҚШ пен Канаданың шекарасындағы табиғат ғажайыбы
Ал 1770-жылдардың соңына қарай партизан соғысы басталады. Ағылшындар Филадельфияны басып алғаннан кейін америкалықтар тарапынан орталықтанған басқару пункті уақытша жойылады. Сондықтан оңтүстік-шығыс аймақтағы штаттардағы америкалық әскерлер жауға берілмей, жасырын соғыс қағидалары негізінде қарсылықтарын жалғастыра берген.
Айта кетсек, америкалықтардың тәуелсіздігін француздар қолдады. Олар, тіпті, жаңа құрлыққа әскер де жіберді. Ал ағылшын королі Германия билеушілері қолдау алған. Нақтырақ айтсақ, ол неміс билеушілеріне әрбір әскер үшін төлеп отырған. Америка құрлығында 20 мыңға жуық неміс әскері болғанын тарихи деректер растайды.
Америкалықтардың тәуелсіздік алуына жергілікті америкалықтар да қолдау көрсеткен. Жоғарыдағы карта арқылы қай аймақтардағы жергілікті америкалықтың азаттық үшін соғысқа қалай үлес қосқанын көреміз.
Оқи отырыңыз: Трамп АҚШ-ты иммигранттардан тазартпақ. Америкалықтар бұл популистің қайта президент болғанын неге қалайды?
Ағылшын империясы АҚШ құрылғанға дейін еш жерде жеңіліп көрмеген болатын. Олардың осы соғысты да жеңетіні болжалған еді. Бірақ өкінішке орай, олардың алғашқы жеңістері кейінгі жеңілістерге ұласты.
Америкалықтардың тәуелсіздік үшін күресі 1783 жылға дейін жалғасса да, АҚШ территориясында ұрыстар тек 1787 жылы доғарылған. Сол себепті де, Континенталды конгресс президенті Бенжамин Руш 1787 жылға халыққа үндеуінде соғыстың біткенін мәлімдеген.
Оқи отырыңыз: Америкалық миллионер қазақ: АҚШ-та бизнес жасау әлдеқайда жеңіл
Америкалықтар үшін уақытша бекітілген Конституция ары қарай дамуға жарамсыз болды. Себебі, толыққанды ел құрылымын жасау үшін үш бірдей биліктің міндеттері мен ережелерін осы құжатта көрсетілуі тиіс.
Шекарасы сызылып, Конституциясы бекітілгеннен кейін АҚШ дамуын жалғастыра берді. Алда индустриялды экономика мен жаңа инженерлік ашулар тұрды.
Ал мына ту АҚШ-тың тәуелсіздік үшін соғысы кезінде қолданылған. Мұнда алғашқы территорияға кіріктірілген 13 штаттың белгісін білдіретін жұлдыздар көмкерілген. Кейіннен осы жұлдыздар қатары 50-ге жеткені бар. Ал тудың дәл осы түрінің көшірмесі 1990 жылы ғарышқа да жеткізілген екен.