Жаңа жыл қарсаңында Алматы мен Астанада балалармен бірге қайда қыдыруға болады?

Алматы мен Астана қалаларындағы балаларға арналған мерекелік іс-шаралар кестесін ұсынамыз.

20 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы Абай атындағы алаң, Тұңғыш президент саябағы, Наурызбай мен Жетісу ауданы әкімдіктерінің алды, Наталья Сац атындағы театр мен Сауранбаев көшесінің бойында қысқы фестиваль ұйымдастырылады. Фестиваль бағдарламасына жәрмеңке, гастро-фестиваль, шеберлік сабағы мен отбасына арналған түрлі қызықты шаралар болады.

Бұдан өзге, қаланың барлық ауданында мұз айдыны жабдықталып, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балаларға арналған келесі шаралар өтеді:

Алматы

16 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін Tito Arcanum мейрамханасында балалар мен сәбилерге арналған жаңа жылдық бағдарлама ұйымдастырылады. 

16-23 желтоқсанда Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен 3-7 жас аралығындағы балаларға арналған мерекелік құттықтау кеші өтеді. 


Оқи отырыңыз: 2023 жылы зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңге болады?


20 желтоқсанда Алматының бас шыршасын жағу рәсімі өтеді. Шырша шамдары ресми жағылған соң қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

  • Уақыты:19:00.
  • Өтетін орны: Абай атындағы алаң.

24 желтоқсан мен 6 қаңтар арасында "Қыдыр ата" мерекелік бағдарламасында (3-7 жас арасындағы балаларға) Аяз ата, Ақшақар, Қыдыр ата және Олаф өнер көрсетеді. 

24 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін (7 – 11 жас арасындағы балаларға) "Жаңа жылдық алаяқ" бағдарламасында Пеннивиз Жаңа жыл кешін бұзуға тырысады. Алайда эльфтер мен балалар Аяз Ата мен Ақшақарға зұлымдықты жеңуге көмектеседі.

  • Уақыты: 12:00.
  • Өтетін орны: Tito Arcanum мейрамханасы.

Билет құны: 

  • бірінші тариф: сыйлығы бар билет – 10 мың теңге;
  • екінші тариф: тіскебасар (түскі ас) мен сыйлығы бар билет – 13 мың теңге.
Сурет: depositphotos.com

20-30 желтоқсан арасында Аяз ата поштасы арқылы құттықтау хат жолдауға болады. 

Уақыты:

  • дс-жм: 16:00-20:00.
  • сб-жкс: 14:00-20:00.

Өтетін орны: Mega-1, химтазалауға қарама-қарсы суретке түсу аумағы.

23-30 желтоқсанда Аяз атаның өзі жүргізетін Santa bus мерекелік кеші өтіп, сыйлықтар үлестіріледі. 

  • Уақыты: 10:00-22:00. 
  • Өтетін орны: Mega-2, Mega Bus кассасы

Оқи отырыңыз: 2023 жылы балаларға арналған жәрдемақы қаншаға өседі?


24 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында Mega Alma-Ata сауда орталығында семинар, сиқырлы шоу, мерекелік концерттер өтеді.

Балаларға арналған шеберлік сабақтарына алдын ала жазылу қажет. 

  • Өтетін орны: Mega-1, химтазалауға қарама-қарсы суретке түсу аумағы.
  • Жас шектеуі: 6+.

Уақыты:

    • дс-жм: 17:00-20:00. 
    • сб-жкс: 15:00-20:00.

24-25 желтоқсанда Esentai Mall өзінің кішкентай қонақтарын мерекелік балаларға арналған іс-шараларға күтеді.

Қызықты семинар, квест, аквагрим, сүйікті кейіпкерлермен және Аяз атамен кездесулер балаларыңызды әр демалыс сайын қуантады.

  • Жас шектеуі: 3+. 

24-25 желтоқсанда "Ғажайып шырша және туған күн! Жаңа жыл мерекесі!" атты қойылымның тұсаукесері өтеді. Ғажайыпқа толы мерекеде Аяз ата, Ақшақар мен әртүрлі кейіпкер балалардың көңіл-күйін көтереді. 

Уақыты:

  • 24 желтоқсанда сағат 10:00-де. 
  • 25 желтоқсанда сағат 15:00-де. 

Өтетін орны: Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры. Абылай хан даңғылы, 38.

  • Жас шектеуі: 3+. 

25 желтоқсанда "Сәнді шырша" атты шеберлік сабақтар өтеді.

  • Уақыты: 16:00. 
  • Өтетін орны: Mega-1, Imperial Home бутигіне қарама-қарсы алаң.

Оқи отырыңыз: Балаға "Р" дыбысын үйретуге 8 минут жеткілікті. Дауыс қою маманымен сұхбат 


25 желтоқсанда аниматорлардың қатысуымен Brawl stars жаңа жылдық қойылымы өтеді. 

  • Уақыты: 17:00.
  • Өтетін орны: Mega-2, үлкен атриум.

25 желтоқсанда Movement fest жаңа жылдық би шоуы өтеді.

  • Уақыты: 18:00-19:00.
  • Өтетін орны: Mega-1, фудхолл.
Сурет: pluggedin.ru

29 желтоқсанда "Гринч жаңа жыл ұрлықшысы" атты аниматорлардың қатысуымен жаңа жылдық қойылым көрсетіледі. 

  • Уақыты: 17:00-18:30.
  • Өтетін орны: Mega-2, үлкен атриум.

30 желтоқсанда "Қоян қалпында құйылған майшам" атты балаларға арналған шеберлік сабақтар өтеді. 

  • Уақыты: 16:00-18:00.
  • Өтетін орны: Mega-1, Imperial home бутигіне қарама-қарсы алаң.

Оқи отырыңыз: Бала тілі неге кеш шығады? Психолог ата-аналардың төрт қателігін атады


30 желтоқсанда әнші Руфина мен Flash би студиясының ұйымдастыруымен жаңа жылдық концерт өтеді. 

  • Уақыты: 18:00. 
  • Өтетін орны: Mega-1, фудхолл.

30 желтоқсанда жаңа жылдық оркестрдің өнерін тамашалауға болады. 

  • Уақыты: 19:00-20:00.
  • Өтетін орны: Mega-1, Mega-2.

24 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында "Әлихан және уақыт машинасының құпиясы" шоуы өтеді. 

  • Уақыты: 12:00, 15:00, 18:00.
  • Өтетін орны: Республика сарайы.
  • Жас шектеуі: 3+.
  • Билет бағасы: 3 000 теңгеден бастап. 

Астана:

18-25 желтоқсанда Astana Muz Fest қысқы фестивалінің аясында ересектер мен балаларға арнап мұз мүсіндері байқауы, жаңа жылдық жәрмеңке, концерттік бағдарлама, сыйлықтар мен түрлі байқау ұйымдастырылады. 

  • Өтетін орны: ЭКСПО алаңы.
  • Бағасы: кіру тегін. 

Оқи отырыңыз: Нейропсихолог: Ертегі тыңдамаған баланың тілі кеш шығады, өзі жасқаншақ боп өседі


20 желтоқсанда "Хан-Шатыр" сауда орталығында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жылдық кеш өтеді. "Балам-Ай" ҚҚ және "Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы" ҚБ қамқорлығындағы 530 баланың 380-і қатысады. 

Әр балаға сыйлық беріліп, шоу бағдарлама ұйымдастырылып, аниматорлар келген қонақтардың көңіл-күйін көтереді. 

22, 23, 24 желтоқсанда "Жаңа жылдық қарбалас" атты мерекелік шоуы өтеді. Бірегей стильдегі шоу кезінде әртүрлі ертегі кейіпкері Аяз атаны Жаңа жылға аман-есен алып келу үшін әртүрлі айла-тәсіл қолданады. 

  • Уақыты: 19:00.
  • Өтетін орны: Тәуелсіздік даңғылы, 57, Бейбітшілік және Келісім сарайы.

Оқи отырыңыз: Балалар мен жүкті әйелдерге тегін: Стоматологиялық қызметтің жаңа стандарты әзірленді


23-25 желтоқсанда "Жаңа жылда көрген түстерді қорғаушылар" атты ертеңгілік өтеді. 2-14 жас аралығындағы балаларға "Хранители снов" мультфильмінің негізінде интерактивті музыкалық ертегі көрсетіледі. 

Интерактивте әртүрлі ертегі арқылы таныс кейіпкерлер барлық қонаққа арнап ойын, флешмоб, сиқыр, би және ән ұйымдастырады. 

Билет құнына келесілер кіреді:

  • 40 минутқа созылатын ертегі-мюзикл;
  • 7 жасқа дейінгі балаларға арналған шыршаны айналып жүріп ән салу, ойын ойнау бағдарламасы;
  • 7 жастан асқан балаларға арнап 30 минутқа созылатын TikTok Party.

Сондай-ақ, ата-аналармен тегін фотосессия, суретті кейін ұйымдастырушылардың парақшасынан тегін жүктеп алуға болады. 

Сурет: depositphotos.com

26-30 желтоқсанда Rixos President Astana қонақүйінде "Сиқыршылар шайқасы" атты балаларға арналған жаңа жылдық қойылым көрсетіледі. Қойылым Хаги Ваги, Аяз ата және Санта Клаустың ортақ оқиғасына негізделген. Олар балалардың қай кейіпкерді көбірек жақсы көретінін анықтауға тырысады. 

  • Бағасы: 17 мың теңге (жаңа жылдық қойылым + 1,3 кг импорт шоколады).
  • Билет бір бала мен бір ересек адамға беріледі.
  • Жас шектеуі: 0+. 
  • Өтетін орны: Қонаев көшесі, 4. 
  • Бағасы: 17 000 теңге.

Кестесі:

  • 26  желтоқсанда 10:30;
  • 28 желтоқсанда 10:30;
  • 29 желтоқсанда 10:30;
  • 29 желтоқсанда 13:30;
  • 30 желтоқсанда 10:30.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары