Тікелей эфир

Балалар мен жүкті әйелдерге тегін: Стоматологиялық қызметтің жаңа стандарты әзірленді

ДСМ 3 жасқа дейінгі балаларға күніне 20 граммнан артық қант бермеуге кеңес береді.

17 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер жылына бір рет динамикалық бақылаудан және стоматологиялық қарап-тексеруден өте алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің стоматологиялық көмек көрсету туралы жаңа стандартының жобасында жазылған. Тегін стоматологиялық қызмет міндетті әлеуметтік және ерікті медициналық сақтандырулар аясында жүзеге асырылады. 

Стандарт жобасына сәйкес, балалар стоматолог дәрігердің қарауынан 1 жаста, 6 жаста және 12 жаста жылына бір рет тексеруден өтуі тиіс. Басқа кездері стоматологиялық аурудың қауіп дәрежесіне және белсенділігіне байланысты жылына бір реттен сиретпей қаралуына болады. 


Оқи отырыңыз: 


Балалар мен жүкті әйелдер үшін профилактика шаралары 4 топқа бөлінген. Олар:

0-3 жасқа дейінгі балалар үшін:

  • ата-аналарға баланың тісі шыққан бойда күтім жасау, ауыз куысын күтуге туралы жаднамалар мен брошюралар беру;
  • қант мөлшерін күніне 20 граммға дейін шектеу;
  • 1 жасқа дейін жылына 2 рет ауыз қуысын қарап-тексеру, тістерге күтім жасау бойынша жеке ұсыныстар беру;
  • 2 жастан бастап көрсетімдер бойынша құрамында фтор бар препараттарды қолдану. 

3-6 жасқа дейінгі балалар үшін:

  • баланы тісін дұрыс тазарту әдістеріне, ауыз қуысының гигиенасына үйрету;
  • азу тістердің бетіндегі саңылауларды жабу;
  • құрамында фториді бар препараттарды қолдану;
  • жарақат келтірмей пломбалау;
  • уақытша тістердің шығу мерзімдерін, жұптылығын және симметриялылығын бақылау;
  • тіс-жақ аномалияларының алдын алу. 

6-14 жасқа дейінгі балалар үшін:

  • балаларға ауыз қуысы гигиенасының маңызы, дұрыс тамақтану, тісті енді ауырып келе жатқанда емдеу туралы жүйелі стоматологиялық білім беру;
  • тіс тазарту әдістемесін үйрету, азу тістердің бетіндегі саңылауларды жабу;
  • реминерализациялық препараттарды жергілікті қолдану;
  • құрамында фториді бар препараттарды  қолдану, мектептегі стоматология кабинеттерін ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету;
  • мектеп асханасынан тіс жегісін тудыратын өнімдерді шектеу;
  • тіс-жақ аномалияларының алдын алу. 

15-17 жастағы жасөспірімдер мен жүкті әйелдер үшін:

  • ауыз қуысының гигиеналық күйін бақылау, тістерді тазарту бойынша нұсқама беру;
  • ауыз қуысы гигиенасы құралдарын таңдауға көмектесу;
  • стоматологиялық аурулардың туындау себебін анықтау.

Құжат 7 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ашық.

Серіктестер жаңалықтары