Бала тілінің кеш шығуына үйде аяқ киім киіп жүруі, қоларбада көп отыруы да әсер етуі мүмкін.
Кей ата-аналар өздері де білместен, бала тілінің кеш шығуына жағдай жасайды. Бұл туралы балалар клиникалық психологы, нейропсихолог Айнұр Алдаш жазды.
"Бала туған соң әлемді тануға, сезінуге ұмтылады. Алты айдан аса бере қолы жеткен жердің бәрін ұстап, аузына салып, дәмін сезуге, ашып-жауып, басып көруге асығады. Осындайда ересек адамдар баланың тілінің шығуына кедергі жасайды", – дейді нейропсихолог.
Оқи отырыңыз: Нейропсихолог: Ертегі тыңдамаған баланың тілі кеш шығады, өзі жасқаншақ боп өседі
Маманның жазуынша, көп ата-ана келесі төрт қателікке жиі бой алдырады:
- Ойнап отырған баланың астына қалың көрпе төсеу, әлде арнайы материалмен жабдықтау. Бұл баланың денесін сезінуіне үлкен кедергі. Құлап еш жері ауырмаған бала екінші рет қалай дұрыс құлау керегін түсінбейді. Әрі ми мен бұлшықет арасындағы нейрондық байланыс орнамайды. Бұл – сөйлеудің бірінші кедергісі.
- Үйде аяқ киім киіп жүру. Бала аяғымен жұмсақ, қатты, суық, ыстықты сезінуі тиіс. Балабақшада аяқ киім киіп жүру де осыған жатады.
- Қоларба, манеж, жүруге арналған арба. Серуендегенде киімін былғаламауы үшін қоларбадан түсірмеу, үйде кедергі жасайды деп манежге отырғызу, күні бойына жүргуе арналған арбаға таңып қою баланың тілінің кеш шығуына себеп болуы мүмкін.
- Гаджеттер. Бала доп ойнап жатқан видеоны беті теп-тегіс экраннан көргенше, өзі сол допты ұстап, жерге ұрып, теуіп, артынан қуалап құлап көрсе, бұның бәрі ол үшін үлкен тәжірибе болушы еді. Бірақ қазір балалар көп қимылдамайды, ойнамайды, бос уақытын гаджеттің алдында өткізеді. Сол үшін де тіл кеш дамиды.
"Ата-аналар бәрін ретке келтіру үшін ми мен бұлшықет нейронларының байланысын қайта орнына келтіретін нейрокоррекциялық жаттығулар жасауы қажет. Олар, әсіресе, вестибулярлы аппаратқа, проприоцепцияға бағытталуы тиіс", – дейді нейропсихолог.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12024 жылы қажылыққа биылғы 20 желтоқсанға дейін тіркелген азаматтар ғана бара алады
-
241
-
0
-
2
-
-
2💬Мемлекет жастардың мұғалім атануға ұмтылысын әрі қарай да қолдайды – Әлихан Смайылов
-
220
-
0
-
1
-
-
3Көктайғақ: елордада травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді
-
208
-
0
-
0
-
-
4🏦 Санья қаласында (ҚХР) өтіп жатқан ЕАТ 39-пленарлық отырысы аясында «AML Academy» Қаржы мониторингі академиясының басшылығы мен Қырғызстан Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік қаржылық барлау қызметінің Оқу орталығы арасындағы екіжақты кездесу өтті.
-
229
-
0
-
0
-
-
5🚇 Алматы метросына қосымша пойыз қосылады
-
249
-
0
-
0
-
-
6🚀Байқоңырда үш көшеге қазақ батырларының есімі берілді
-
156
-
0
-
6
-
-
7⚡ Пойыздардың 60 қызметкері семейлік “блогер”-бопсалаушыдан зардап шеккен деп танылды
-
136
-
0
-
1
-
-
8📣УЕФА Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны 4:1 есебімен ұтты
-
88
-
0
-
0
-
-
9🗣 48 млн теңге алған — Пойыз қызметкерлерін бопсалап келген «блогер» ұсталды
-
33
-
0
-
0
-