Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсаттарына пайдалану қағидаларының жобасын талқылау мақсатында "Ашық НҚА" сайтына жариялады. Қоғамдық талқылау 2020 жылдың 22 желтоқсанына дейін жалғасады. "Ашық НҚА" сайтында кез келген адам сұрақтары мен ұсыныстарын қалдыра алады.
Біржолғы зейнетақы төлемдері, оның ішінде мемлекет аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында өзінің және (немесе) қарыз қаражатымен пайдаланылуы мүмкін:
-
Тұрғын үй сатып алу, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты ресімдеу, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында жекешелендіру, бөліп-бөліп төлеу, тұрғын үйді айырбастау жолымен сатып алу;
-
Сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті ішінара/толық өтеу;
-
Жеке тұрғын үй құрылысы және (немесе) жер учаскесін сатып алу (нысаналы мақсаты – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық);
-
Екінші деңгейдегі банктерден, ипотекалық ұйымдардан тұрғын үй сатып алуға, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты ресімдеу, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында сатып алу құқығымен жалдау, жекешелендіру, бөліп-бөліп төлеу, тұрғын үйді айырбастау, жеке тұрғын үй салу және (немесе) жер учаскесін сатып алу (нысаналы мақсаты – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу.
-
Алдын ала тұрғын үй қарызын, аралық тұрғын үй қарызын, банктен тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй қарызын алу мақсатында, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты ресімдеу, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында сатып алу құқығымен жалдау, жекешелендіру, бөліп-бөліп төлеу, тұрғын үйді айырбастау, жеке тұрғын үй салу (нысаналы мақсаты – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық үшін бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) мақсатында, сондай-ақ ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша салымды толықтыру.
Бір банктік қарыз шарты шеңберінде алдын ала тұрғын үй қарызын, аралық тұрғын үй қарызын, тұрғын үй сатып алуға және оған жөндеу жүргізуге тұрғын үй қарызын беруді жүзеге асыруға жол беріледі.
Екінші деңгейдегі банктерден, ипотекалық ұйымдардан тұрғын үй сатып алуға, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты ресімдеу, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында сатып алу құқығымен жалдау, жекешелендіру, бөліп-бөліп төлеу, тұрғын үйді айырбастау, тұрғын үйді жөндеу, жеке тұрғын үй салу (нысаналы мақсаты – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық үшін бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) жолымен алынған тұрғын үй ипотекалық қарыздары қайта қаржыландыруға жатады.
Зейнетақы төлемдері есебінен қалыптастырылған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша салым қаражаты Қағидалардың осы тармақшасында көзделген мақсаттарға ғана пайдаланылуы мүмкін.
-
Тұрғын үй сатып алуға, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты ресімдеу, сатып алу құқығымен жалға алу, жекешелендіру, бөліп-бөліп төлеу, жеке тұрғын үй салу және (немесе) жер учаскесін сатып алу (нысаналы мақсаты – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) жолымен, сондай-ақ осы тармақшада көзделген мақсаттарға бұрын алынған ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру мақсаттарына алынған ипотекалық тұрғын үй қарызы, алдын ала тұрғын үй қарызы, аралық тұрғын үй қарызы, тұрғын үй қарызы (негізгі борыш, оның ішінде мерзімі өткен негізгі борыш, есептелген сыйақы, оның ішінде мерзімі өткен есептелген сыйақы, өсімпұл мен айыппұлдар сомасы) бойынша берешекті ішінара/толық өтеу;
-
Алушының жұбайына (зайыбына), алушының жақын туыстарына, оларға тиесілі біржолғы зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін басқаға беру. Бұл жағдайда алушының жұбайының (зайыбының), алушының жақын туыстарының зейнетақы төлемдері алушының арнайы шотына есептеледі, ол осы тармақтың 1 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларда көзделген мақсаттарға ғана пайдаланылады.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын кім және қай мөлшерде мерзімінен бұрын ала алады?
Жылжымайтын мүлікті сатып алу/салу, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында тұрғын үйді жекешелендіру, бөліп-бөліп төлеу, айырбастау туралы шартты ресімдеу жолымен сатып алынған/салынған жағдайда, алушы біржолғы зейнетақы төлемдерін сатып алынатын/салынып жатқан жылжымайтын мүлік үшін түпкілікті есеп айырысу үшін ғана пайдалана алады (жылжымайтын мүлікті бірнеше қаражат көздері (біржолғы зейнетақы төлемдері, меншікті және (немесе) өзге де қаражат) есебінен сатып алған/салған кезде), біржолғы зейнетақы төлемдері барлық төлемдер меншікті және (немесе) өзге де қаражат есебінен жасалғаннан кейін пайдаланылуы мүмкін).
Қағидалардың осы тармағында көзделген шарт ипотекалық тұрғын үй қарызын, алдын ала тұрғын үй қарызын, аралық тұрғын үй қарызын, тұрғын үй қарызын ресімдеу арқылы жылжымайтын мүлікті сатып алуға/салуға, сондай-ақ сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті ішінара/толық өтеуге қолданылмайды.
Сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті ішінара/толық өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторымен немесе "Samruk Kazyna Construction" акционерлік қоғамымен жасалған шарттар бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын ішінара төлеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана алады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты ресімдеу жолымен тұрғын үй алушылардың сатып алуы көппәтерлі тұрғын үйлерде жүзеге асырылуы мүмкін, олардың құрылысын аяқтауға бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторы кепілдік береді.
Алушылар өздерінің зейнетақы жинақтары шегінде біржолғы зейнетақы төлемдерін шектеусіз және осы Қағидаларда көзделген таңдап алынатын мақсаттар санын шектемей пайдалана алады
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шектеу жаңадан сатып алынатын жылжымайтын мүлікке, сондай-ақ берешегі ішінара/толық өтелетін немесе біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен қайта қаржыландырылатын ипотекалық тұрғын үй қарызы есебінен, сондай-ақ алдын ала тұрғын үй қарызы, аралық тұрғын үй қарызы, берешегі ішінара/толық біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен өтелетін тұрғын үй қарызы есебінен 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін сатып алынатын жылжымайтын мүлікке қатысты).
Оқи отырыңыз: Онлайн зейнетақы калькуляторы. Жинақтан мерзімінен бұрын қанша ақша алатыныңызды есептеңіз
Алушылар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органда оған меншік құқықтары тіркелген күннен бастап 5 жыл ішінде:
- біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып сатып алынған/салынған;
- берешегі ішінара/толық өтелетін немесе біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен қайта қаржыландырылатын ипотекалық тұрғын үй қарызы есебінен сатып алынған/салынған (2021 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлікті қоспағанда);
- алдын ала тұрғын үй қарызы, аралық тұрғын үй қарызы, берешегі біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен ішінара/толық өтелетін тұрғын үй қарызы есебінен сатып алынған/салынған (2021 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлікті қоспағанда) жылжымайтын мүлікті иеліктен шығара алмайды.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін осы Қағидаларда көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсаттарына пайдалану қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлік алушының және (немесе) алушының жұбайының (зайыбының) және (немесе) алушының жақын туыстарының меншігіне ресімделуі мүмкін.
Құжаттың толық нұсқасымен сілтеме бойынша танысуға болады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы жолдауында Үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинақтарын мақсатты түрде (баспана сатып алу не білім алуға) пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырды.
1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы БЖЗҚ 700 мың салымшысы өз жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға, емделуге жұмсап не басқарушы компаниялардың иелігіне бере алатынына тоқталып, Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ел азаматтарының зейнетақы қорынан қаражатын мерзімінен бұрын алу шарттарымен таныстырды. Азаматтар зейнетақы қорындағы ақшасын жинағы жеткілікті мөлшер шегінен асқан кезде ғана мерзімінен бұрын ала алады (жеткілікті мөлшер шегі дегеніміз – зейнетақы шотындағы ең төменгі зейнетақы көлемінен кем емес, өмір бойы төленетін жинақ). Салымшылар жеткілікті сомадан артық қаражатты өзінің тұрғын үй мәселелерін шешуге, емделуге жұмсай алады не жарналарын инвестициялау үшін жекеменшік зейнетақы активтерін басқару компанияларына аудара алады.
Оқи отырыңыз: "Нұрлы жер" бағдарламасы мен зейнетақы жинақтары. Баспана мәселесі қалай шешіледі?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2021 жылы қазақстандық 720 мың азамат зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін алу мүмкіндігіне ие. Бұл барлық салымшының 6,3%-ы ғана. Олар:
- Зейнетақы қорында жинағы бар, жұмыс істеп жүрген азаматтар (жинағы жеткілікті мөлшер шегінен асқан жағдайда) – 529,7 мың адам.
- БЖЗҚ-да жинағы бар, зейнет жасына жеткен кісілер қордағы қаражатының 50 пайызына дейін пайдалана алады – 178,4 мың адам.
- Зейнетақылық аннуитетті рәсімдеген және сақтандыру қорына аударғаннан кейін БЖЗҚ-да жинағы қалған азаматтар – шамамен 13,3 мың адам.