Тымаққа салу – қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрпы. Ай-күні толмай шала туған, бесікке салуға келмейтін сәбиді тымаққа салып өсірген. Тымақ дегеніміз аңның, малдың терісінен тігілетін қысқы бас киім.
Әлжуаз, кішкентай ғана болып уақытынан бұрын дүниеге келген балаларды "шала туған бала", "шала", "жылбысқы" деп атайды. Есімдерін Шалабек, Шалабай деп те қояды. Шала туған сәби ұстауға ыңғайсыз, бесікке бөлеуге де, құндақтап қолға көтеруге де келмейді. Ал тымақ жылы әрі бөлеуге ыңғайлы болады. Үлкендердің тымағына салып киіз үйдің керегесіне елген. Ертеде сәбидің неше күні кем болса, сонша күн киіз үй керегесінің әр басына іліп қойған және күн кереге басы арқылы есептелген. Мысалы, қырық күн кем болса, керегенінің қырқыншы басынан кейін баланы тымақтан алып, оған жаңа туған сәбиге жасалатын ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару секілді рәсімдер жасала бастайды. Қыста туған сәбиді үй қабырғасына бірнеше шеге қағып, сол шегелерге ілген.
Баланы кез келген адамның тымағына салмаған. Көп жасаған, дана, ақылгөй адамдардың тымағы сұралған. Ол тымақты басқа кимей сақтап қойған.
Бүгінде шала туған сәбилер "кувез" деп аталатын арнайы қондырғылары бар әйнек қалыптарда жатады. Ал қазақ халқы перзентхана жоқ заманда тымаққа салу салтын жасаған. Жас босанған ананы да қырық күн бойы күткен. Ана сүті арқылы бала тез ет жинап, салмақ қосатындықтан анасының да денсаулығына көп көңіл бөлген.
Қазақтың салт-дәстүрлеріне қатысты материалдарды оқи отырыңыз:
- Қазақ халқы төркіндеп келген қызға қандай құрмет көрсеткен?
- Ерулік беру дәстүрі. Қазақ халқы көршісін қалай сыйлаған?
- Бел құда және бесік құда. Қазақ халқы бір-бірімен қалай құдаласқан?
- Айгөлек. Ұлттық ойын ережесі қандай?
- Қазақ халқы неге шаңырақты кие тұтқан?
- "Дәмді әрі құнарлы ас". Қазақ халқы неге талқан былғап жеген?
- Қазақ халқы не үшін шашу шашқан? Көне дәстүр бүккен сыр
- Құрақ көрпе. Қазақ халқы мата қиындыларын қалай кәдеге жаратқан?
- Ел көгертетін ерекше дәстүр. Батаның қандай түрлерін білесіз?
- Қазақ халқы баланы бесікке бөлеген. Бесіктің жасау-жабдықтарын білесіз бе?
- Бәсіре, тілашар, айдар мен танабау тағу. Қазақтың бала тәрбиесіне қатысты 10 салт-дәстүрі
- Қазақтың қандай салт-дәстүрлері сақталмай қалған?
- Тұсаукесер: Баланың аяғына неге ала жіп байлайды?
- Жеті ата – шежіре бастауы. Оның ұрпақ саулығы үшін маңызы қандай?
- Көрімдік. Оны қазақ халқы қандай жағдайда сұраған?
- Иткөйлек. Нәрестеге киімін неге "теріс" кигізген?
- "Жаңа түскен келінге көрімдігін беріңіз". Беташардың мәні неде?