
Бұрындары көрімдік сұраған адамға төрт түлік мал берген.
Көрімдік – қуанышқа ортақтас екенін білдіру үшін берілетін сый. Сәби дүниеге келгенде, жас келін түскенде, мал төлдегенде туған-туыс, дос-жаран, көршілердің тарапынан көрімдік сыйы берілген. Қазақ халқы көрімдік беру арқылы жақын туыстардың арасындағы сыйластық пен адамгершілік артып, татулық пен бірлік нығая түседі деп сенген.
Көрімдік тек жандыға беріледі. Қуанышты хабар айтқан адам көрімдік сұрай алады немесе қуаныш иесі оған өз қалауымен көрімдік береді.
Нәрестелі не келін түскен үйге "бауы берік болсын", "құтты болсын" айта келгендерден көрімдік сұрап, содан кейін ғана сәбиді не келінді көрсеткен. Қызға сырға салуға барған кезде жігіт жақ қызды көрімдік берген соң ғана көрген. Ұзатылып бара жатқан қыздың жеңгелері "Болашақ келіндеріңізді көріп, көрімдігін беріңіздер", – деп құдалардан көрімдік сұраған. Жігіттің анасы жас келіннің маңдайынан сүйіп, үлкендер ақ батасын айтып, жеңгелеріне көрімдіктерін берген.
– Келінді көрген адамнан,
Көрімдік деп мал алар.
Беретінін әр кісі,
Өз үйінде шамалар, – деп өлеңдеткен.
Бұрындары көрімдік ретінде ірі қара, жылқы, қой-ешкі берген. Үстіне шапан кигізген. Қазір көрімдікті ақшалай беру әдетке айналды.
Ал жансыз затқа, яғни жаңа киім немесе бұйым, жиһаз, баспана, көлік сатып алынғанда байғазы сұраған.
Қазақтың салт-дәстүрлеріне қатысты материалдарды оқи отырыңыз:
- Ел көгертетін ерекше дәстүр. Батаның қандай түрлерін білесіз?
- Қазақ халқы баланы бесікке бөлеген. Бесіктің жасау-жабдықтарын білесіз бе?
- Бәсіре, тілашар, айдар мен танабау тағу. Қазақтың бала тәрбиесіне қатысты 10 салт-дәстүрі
- Қазақтың қандай салт-дәстүрлері сақталмай қалған?
- Тұсаукесер: Баланың аяғына неге ала жіп байлайды?
- Жеті ата – шежіре бастауы. Оның ұрпақ саулығы үшін маңызы қандай?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ыстықкөлде фейерверк тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
-
271
-
0
-
0
-
-
2🌨⛄️Қазақстан қашан ақ қарға оранады
-
284
-
0
-
3
-
-
3😳 Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтеді
-
286
-
0
-
5
-
-
4⚡️Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты
-
212
-
0
-
3
-
-
5⚡️ Супермарафоншы Марат Жыланбаев жеті жылға сотталды
-
195
-
0
-
2
-
-
6⚡️ 13 адамның өлімі: Алматыдағы хостелде көбіне шетелдіктер тұрған
-
189
-
0
-
0
-
-
7Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды
-
163
-
0
-
0
-
-
8Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша заң жобасына қатысты Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың сұрағы.
-
165
-
0
-
0
-
-
9Хостелдегі өрт: Ғимараттың кімге тиесілі екені белгілі болды
-
139
-
0
-
1
-
-
10🔹️ “Браконьер” іс-шарасы: 100-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталды
-
99
-
0
-
0
-