Тікелей эфир

Стамбұлдағы қазақтар тойының 7 өзгешелігі (Фоторепортаж)

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
Гималайды асқан, Ауғанстан мен Иранды басқан қазақтар Стамбулда қалай тұрады? Асабасыз, тостсыз, той басқарушысыз той қалай өтеді?

Стамбулға қазақтар қайдан барған?

  • Олардың басым бөлігі – 1940-1960 жылдары Қытай коммунистік билігінің қырғынынан босып, Гималайды асып, Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға табан тіреген қазақтар.
  • Екінші тобы– 1920-1937 жылдары Қазақстандағы қызыл империяның қудалауы мен қолдан жасалған аштықтан бас сауғалап Тәжікстан, Түркіменстан арқылы Ауғанстанға және Иранға барып, 1960-1970 жылдары Түркияға жеткен қазақтар.
  • Үшінші тобы – Тәуелсіз Қазақстаннан көшіп барып сауда істеп жатқан, оқып жүрген немесе қоныс аударған қазақтар. Бұлардың саны да соңғы жылдары көбейе бастапты.
Оқи отырыңыз: Қазақ баласы тойға қанша қаржы жұмсайды немесе ынсапсыз асабалар туралы

Домбырашы келіншек қазір Стамбулда тұрады


Тибет жотасын басып, Үндістанға жеткен үш қыз қазір Стамбұлда тұрады

1954 жылы, Кашемир / Милтон Дж. Кларк, National geographic magazine


Жоғарыда суретте қолына домбыра ұстап отырған Кәбира әжеміз. Артында тұрған –Пәзилә Сұлтаншәріпқызы және отырға –н Рахила әжеміз. Қазір үшеуі де Стамбул қаласында тұрады.

Кәбира Сағынғанқызы – 1933 жылы Қытайдың Алтай аймағында туған. Қостай Жәдік әулетінен. Зуқа батырдың бесінші ұлы Шәмидің жұбайы. 1938-1950 жылдары Баркөл, Гансу, Чиңхай өңірлерінде жаугершіліктен босқын болып жүрген. Сұлтаншәріп Зуқаұлының көшімен бірге 1951 жылы Тибет жотасын асып Үндістанның Кәшіміріне, 1954 жылы Түркияға келіп қоныстанған. Қазір Стамбул қаласында. Немере-шөбере сүйіп, бақытты ғұмыр кешіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Тұзаққа түсірген той


Кәбирә Шолпан. Стамбұл

2019 жыл тамыз, Стамбул. Кәбирә әжеміз. Стамбул / Сурет informburo.kz



19 жасында Гималайды асқан көште болған тағы бір әжеміз

2019 жыл тамыз, Стамбул. 19 жасында (1934 жылы туған) Гималайды асқан көште болған Шолпан Смағұлқызы әжеміз / Сурет informburo.kz


Оқи отырыңыз: Беташардың мәні неге бұзылды? Тойды тәртіпке келтіруге бес кеңес

Су тасыған келіншек қазір Стамбулда тұрады


1954 жылы Кәшмір. Шелекпен су көтерген келіншек Сәнияхан Займоллақызы қазір Стамбұлда тұрады

1954 жыл, Кәшімір. Шелекпен су көтерген келіншек Сәнияхан Займоллақызы да қазір Стамуұлда тұрады / Милтон Дж. Кларк, National geographic magazine


Сәнияхан Займолдақызы – 1930 жылы Қытайдағы Баркөлде туған. Сарбас Шотқара әулетінен. Зуқа батырдың кенжесі Сауат қажының жұбайы. 1937-1938 жылдары әкесі Займолланы, әкесінің екі ағасы – Қайбар мен Қабдолланы Қытайдың Гоминдаң билігі ұстап әкетіп өлтірген. 20 жастағы бауыры Кәбенді ұстап, кейін қоя берген. Қытай коммунистік билігінің қуғынан ұшыраған елмен бірге 1951 жылы Тибет жотасынан асып Үндістанға, 1954 жылы Түркияға келіп қоныстанған.


Сәнияхан Займоллақызы

2019 жыл тамыз, Стамбул. Сәнияхан Займоллақызы / Сурет informburo.kz


Оқи отырыңыз: Қазақтың табақ тарту дәстүрі. Оның түрлері қандай? Мәні, мағынасы неде?


Сәниахан әжеміздің үйі қазақша безендіріліпті.

2019 жыл тамыз, Стамбул. Сәниахан әжеміздің үйіндегі кездесу. Ортада Әбдірахман Шетін ағамыз. / Сурет informburo.kz


Біз үйіне барғанда, Сәнихан әже төсекте отыр екен. Үй іші қазақша безендірілген. Үй қабырғасына түскиіз іліп, оның бас жағына таза үкі қадалыпты. Тіптен, еденге де оюлы сырмақ салынған.

Гималай асқан қазақтың бірі – Әбдірахман Жәлелұлы. 1938 жылы Қытайда Баркөлде дүниеге келген атамыз бүгінде Германияның Кельн қаласында тұрады. Еуропа қазақтары қауымдастығының құрушысы әрі бұрынғы төрағасы. Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығының екі мәрте төралқа мүшесі.


Зуқа батырдың кенжесі Саут атамыздың шаңырағындағы Сәниахан әже отырған үйдің іші

2019 жыл тамыз, Стамбул. Сәниахан әже үй ішін қазақша ою-өрнектермен безендіріпті / Сурет informburo.kz


Оқи отырыңыз: Сүндеттеудің сыры

Биші қыз да Стамбулда тұрады


1954, Кәшімир. Биші қыз Мінән

1954, Кәшімір. Биші – Мінән Шәмиқызы / Милтон Дж. Кларк, National geographic magazine


Суретте ортада, кілемде отырған қара шапан, ақ кепеш киген Сұлтаншәріп Зуқа ұлы, сол жағында отырған Қалибек Хакім, домбыра шертіп отырған Әнуар Сұлтаншәріпұлы.
Мінән Шәмиқызы – 1942 жылы Чиңхай өлкесі жерінде туып, ауған елмен бірге Үндістан мен Пәкістан арқылы Түркияға жеткен. Көш басшыларының бірі Сұлтаншәріптің інісінің қызы.

Мінан әжеге тойда отырған жерден кездестік

2019 жыл тамыз, Стамбул. Мінан әжеге тойда отырған жерінен кездестік / Сурет informburo.kz


Ауғанстаннан келген қазақтар

Әбиболла Жәлел:

– Аталарымыз 1932 жылы Қызылорданың Қармақшы деген жерінен кетіпті. Қолындағы бар байлықты қызыл үкімет тартып алған. Содан Ауғанстанға барып, 40 жыл өмір сүрдік. Сонда туылдым. Түркияға келгенімізге де 40 жылдан асты. Кіші жүздің кете руынанбыз, – дейді.

Оқи отырыңыз: Қалың малға құныққандар жастардың бағын байлап жүр. Қалың мал туралы аңыз бен ақиқат


Әбиболла ағамыз отбасымен бірге теңіз жағасындағы саябақта демалып отыр

2019 жыл тамыз, Стамбул. Әбиболла ағамыз отбасымен бірге теңіз жағасындағы саябақта демалып отыр / Сурет informburo.kz


Әбибоола ағамыз қазақтың жосыны бойынша үйіне қонаққа шақырды. Алайда, уақыт тығыздығына байланысты ықыласына рахмет айтып, ризашылығымызды білдірдік.


Тігін тігіп отырған ағамыздың да аталары Қызылордадан кетіпті

Тігін тігіп отырған ағамыздың да "атын атамауды өтінген) аталары Қызылордадан кетіпті / Сурет informburo.kz


Оқи отырыңыз: Ақбастаулықтардың Наурыз тойлау дәстүрі елге үлгі боларлықтай


Сатуға дайындалған киімдер

Сатуға дайындалған киімдердің түрі көп, сапасы жоғары / Сурет informburo.kz



Тегі Қызылордалық ағамыз ата жұрттан келген туыстарын көріп мәз болды.

2019 жыл тамыз, Стамбул. Тегі Қызылордалық ағамыз ата жұрттан келген кіші жүздің Әлімі туыстарын көріп мәз болды. / Сурет informburo.kz


Өмір Қазақ: "кеме жүргіушісі болып жұмыс істеп жүрмін"

Өмір Қазақ ініміз – Стамбулдың тумасы. Аталары 1951 жылы Қытай компартиясының қудалауына ұшырап Гималай асып, Үндістан мен Пәкістан арқылы Түркияға жеткен екен.

Жасы жиырманы аралаған ініміздің кәсібі кеме жүргізу. Бұл күнде Еуропа, Азия мен Африканың біраз елін кемемен аралапты.


Ортада тұрған Өмір Қазақ ініміз кеме капитаны

Ортада тұрған Өмір Қазақ ініміз кеме капитаны / Сурет informburo.kz


Түркиялық қазақтар үшін шілде мен тамыз – той-думан айы

Әр жылдың шілде және тамыз айлары түркиялық қазақтардың той-томалақ өткізетін мезгілі. Олай дейтініміз олардың бір бөлімі еңбек шартымен Еуропаға кетіп сонда тұрып қалған. Жазғы демалыс келісімен өзі туған жерлеріне қайтып, туыстарымен қауышады. Туыстары да тойды сол мезгілге тойлауды дәстүрге айналдырыпты.

Стамбулда жүргенде Жақып Залың ағамыз келін түсірді. "Шақырғаннан қалма" деп басып қайттық.

Үйленген бауырымыз Ясын Жақыпұлы –Стамбұлдың төл тумасы. Келінді Германиядан әкелді. Алайда Жақып ағамыздың да, құдалардың да аталары – Қытай коммунистер билігінің қудалауына ұшырап, Гималай асып Үндістан арқылы Түркияға жеткен қазақтар.

Жалпы Еуропа қазақтарының негізгі бөлігі – Түркиядан жұмыс шарты бойынша барып, отырақтасып қалған қазақтар мен олардың ұрпақтары.


Мал сойып бас тарту дәстүрі әлі жалғасып келеді

2019 жылы тамыз, Стамбул. Мал сойып бас тарту дәстүрі әлі жалғасып келеді / Сурет informburo.kz


Үйлену тойы қалай өтеді?

Тойдағы жөн-жосықтар реті былай болды:

  • Екі жасты күтіп алу;
  • Торт кесу және жеу;
  • Шырын не шарап ішу;
  • Беташар және бір ыстық тамақ беріледі;
  • Той иелері мен қонақтардың екі жасқа тартуларын қабылдау;
  • Би мен ән;
  • Бата.

Той асабасыз өтті, тост айтылмады

Той ресторанда өтті. Залдағы экранда отау тігіп жатқан екі жастың аты-жөндері шығып тұрды. Залға кіргенде қыз жақтың қонақтары сол, жігіт жақтікі оң жақтағы орындарға еркін жайғасты. Ешқандай аты жазылған тізімдер мен арнайы қонақ күтіп алушы болған жоқ.

Той екі түрлі өтеді:

  • Той иесі күндіз бірнеше қой сойып, мәдениет үйінде не мешітте туыс-туғандары мен ауылдастарына, дос-жарандарына тамақ береді. Бата алып, беташар жасайды. Бұл 2-3 сағатқа жалғасады.
  • Кейде кешке ресторанда жасалады. Онда беташар, бата алу және ән-би болады. Тіптен осы екеуін де атқаратындар да бар.

Қазақта тойдан кит кю деген салт бар

Қазақтың киіттесу деген салты мұнда да бар / Сурет informburo.kz


Той сағат 18:00-де басталды

Той иесі тойдың 18:00-де басталатын айтқан еді. Біз дәл уақытында барғанда, қонақтар да келе бастапты. Мөлшермен бір сағаттан кейін той басталды. Тойды 2-3 сағат кешіктіріп бастайтындар үшін уақытында басталған той ғой.

Рессторан иесі жігіт жақтан келгендердең есіктің оң жағындағы кез келген орынға жайғаса беруін сұрады. Ал қыз жақтың қонақтары сол жаққа жайғасып жатты.

Есіктен кірген жерде жігіт жақтың келіншектері мен апалары әжелердің сыйлығын қабылдап, киіт таратып отырды.


Жігіт пен келінді күтіп тұрған той қонақтары

Жігіт пен келінді күтіп тұрған той қонақтары / Сурет informburo.kz


Екі жасты қалай қарсы алды?

Жігіт пен қыз той басталғаннан, яғни қонақтар келіп жайғасып болғаннан кейін келді. Жастар тұрып, қалған қонақтар орындарында отырып, музыкалық шоу басталды.


Жігіт пен келін лифт арқылы жоғарыдан 500 адамдық залға тіке түсіті

Жігіт пен келін лифт арқылы жоғарыдан 500 адамдық залға тіке түсті / Сурет informburo.kz


Екі жас ортаға шығып вальс биледі. Оған той иелері де қосылды.


Той алаңына валиспен келді

Той алаңынағы вальс / Сурет informburo.kz


Оқи отырыңыз: Түркия туралы қызықты мәліметтер. Стамбулдықтар қайда демалғанды ұнатады? Фоторепортаж


Той иесі жақып ағамыз бен жеңгеміз

Той иесі – Жақып ағамыз бен жеңгеміз / Сурет informburo.kz


Торт келді

Екі жас ортаға қатар тұрысымен торт келді.


Екі жас қос қолдарымен торт кесу мүрәсімін жасады

Екі жас қос қолдап тортты кесу рәсімін жасады / Сурет informburo.kz


Сіз, осындай үлкен де керемет тортты кесті деп ойламаңыз. Ол торттың макеті ғана. Іле-шала "торт кесу" ырымы істелген торттан екі жас ауыз тиді. Басқа ешкімге берілген жоқ. Тост та айтылмады.


Бір-біріне торт жегізіп тұрған жігіт пен қыз

Бір-біріне торт жегізіп тұрған жігіт пен қалыңдық / Сурет informburo.kz


Шарап (жеміс шырыны) ішу дәстүрі

Бұл да – көне Османлы патшаларынан қалған ырым. Шын мәнінде онда шарап емес, шырын болуы да мүмкін. Екі жас махаббатың бал шырынын татсын, бақытқа бөленсін деген ниет, ырым болса керек.


Кәнизак (патша күтушісі) шарап әкеліп құйды

Кәнизак (патша күтушісі) шарап әкеліп құйды / Сурет informburo.kz



Шарап құятын арнай ыдыстар Османлы патшаларының ыдыстарына ұқсайды

Шарап құятын арнайы ыдыстар Османлы патшаларының ыдыстарына ұқсайды / Сурет informburo.kz



Шарапты бір-біріне қарап тұрып ішті

Шарапты бір-біріне қарап тұрып ішті / Сурет informburo.kz


Беташар

Осылайша торт пен шараптан кейін беташарға кезек келді.


Беташарда қызды қолтықтаған екі жеңгесін қосқанда 7 адам жүргізді[IMAGE_ALTҚалыңдықты қолтықтаған екі жеңгесін қосқанда 7 адам ьеташарға қатысты / Сурет informburo.kz


Стамбул тумасы Мехмет беташарды жасады. Оның үш көмекшісі болды:

Қожа Ахмет Яссауи университетінде білім алған Сәдет Солақұлы домбырамен сүйемелдеді. Бір бала қамшының ұшына шаршы шөперек байлап, көне ырымды атқарды. Ал бір қыз қолына түйреуіш салынған ақ кесені ұстап тұрды.


Мехмет пен Сәдет Солақұлы

Мехмет пен Сәдет Солақұлы / Сурет informburo.kz



Түйреуіш ұстап тұрған қыз

Түйреуіш салынған кесені ұстап тұрған қыз / Сурет informburo.kz



Осы түйреуішпен ақшалар қадалады

Осы түйреуішпен ақшаны қадайды / Сурет informburo.kz


Оқи отырыңыз: Стамбулға сапар: Қала өмірі және барғанда көңіл бөлетін жәйттер (Фоторепортаж)


Беташарда қайын ағаларының аты аталғанда ақшаларын апарып бет ашушының мойныныдағы кілемшеге қадап жатыр

Беташарда аты аталған тумалары ақшасын бет ашушының мойныныдағы кілемшеге қадайды / Сурет informburo.kz



Ардагер журналист Талғат Көкбұлақ (Қосжігіт) бата жасады

Ардагер журналист Талғат Көкбұлақ (Қосжігіт) бата берді / Сурет informburo.kz


Талғат Көкбұлақ (Қосжігіт) – 1942 жылы Қытайда дүниеге келген. Германияның Мюнхен қаласында тұрады. Гималай асып, еркіндік іздеген Зуқа батырдың үлкен ұлы Сұлтаншәріптің баласы. 1951 жылы Үндістанға келіп, сонда төрт баламен бірге ағылшын тілін оқыған. 1954 жылы Түркияға жеткен. 1967-1995 жылдары Азаттық радиосының қазақ бөлімінде жұмыс істеген.


Беташар соңы батаға ұласты

Беташар соңы батаға ұласты / Сурет informburo.kz


Батадан кейін келіннің бетін ашты.


Домбыра сабымен келіннің бетін ашты

Келіннің бетін қазақтың байырғы дәстүріндегідей домбырныңа сабымен ашты / Сурет informburo.kz



Шашу шашып жатыр

Шашу шашып жатыр / Сурет informburo.kz



Шашу терген балалар

Шашу терген балалар / Сурет informburo.kz


Жас отау иелеріне той сыйын беру басталды

Бет ашылып болған соң, іркес-тіркес той сыйын беру мүрәсімі басталды. Ол туралы ешкім де хабарлаған жоқ.

Сыйлықты алдымен той иелері табыстады.


Тойлық сыйлықтар берер алдында ресторан қызметкері жігіт пен қыздың мойындарына лента асты

Той сыйлықтарын берер алдында ресторан қызметкері жігіт пен қалыңдықтың мойындарына лента асты / Сурет informburo.kz



Сыйлық әкеле жатқан жігіттің шешесі

Сыйлық әкеле жатқан жігіттің шешесі / Сурет informburo.kz


Келіннің қолына білезік, мойнына алға, құлағына сырға, саусағына сырға таққандар көп болды. Ал жігітттің өңірі лентаны бойлап қыстырлған түрлі елдердің ақшасына толып кетті.


Үйленіп жатқан немересінің бетінен сүйіп жатқан әже

Үйленіп жатқан немересінің бетінен әжесі сүйді / Сурет informburo.kz



Жақып ағамыз да ұлына сый жасады

Жақып ағамыз да ұлына сый жасады / Сурет informburo.kz



Ең жоғарғы және көп тағылтын сыйлық алтын білезік

Ең жоғарғы және көп тағылтын сыйлық – алтын білезік / Сурет informburo.kz



Достары да кезекке тұрып сыйлық тапсырды

Достары да кезекке тұрып сыйлықтарын тапсырды / Сурет informburo.kz



Сыйлық берушілер тізіліп тұр

Сыйлық берушілер тізіліп тұр / Сурет informburo.kz


Сыйлық беру рәсімі біткеннен кейін ән мен биге кезек келді.


Астаналық бүлдіршіндер "Қазағым" әнін орындады

Астаналық бүлдіршіндер тойға шәшу ретінде "Қазағым" әнін орындады / Сурет informburo.kz


Қаражорға биін 3 рет қойды

Би "Қаражорға"-дан басталды.


Би басталды

Би басталды / Сурет informburo.kz



Сексеннен асқан әжеден бастап қаражорға билейді

Сексеннен асқан әжеден бастап "Қаражорға" билейді / Сурет informburo.kz


Бір сағаттың ішінде 3 рет "Қаражорғаға" жорғалаудан қазақтардың бұл биге деген құрметін сездік. Сонымен бірге түрікше ән-би мен қазақша әндерге де кезек тиді..


Жақып ағамыздың қуанышы ортаймасын

Жақып ағамыздың қуанышы ортаймасын / Сурет informburo.kz



Ән айтып отырған түрік жігіті

Ән айтып отырған түрік жігіті / Сурет informburo.kz


Аста –төк тамақ та, артық сөз де болған жоқ

"Тойға барсаң, тойып бар" деген қазақ мақалы бар. Сусындар, бір ыстық тамақ пен шәй. Сонымен бірге нанмен қоса бір-бір кеск торт. Кем де емес, артық та емес. Қарапайым. Тойымды.


Беташар тыңдап отырған қонақтар

Беташар тыңдап отырған қонақтар / Сурет informburo.kz


Столда бірнеше сусын мен бір стакан тіске басар салат қана бар.


Бір адамға бір тарелка ыстық тамақ ғана берілді

Бір адамға бір тарелка ыстық тамақ қана берілді / Сурет informburo.kz


Той ортасынан ауғанда нан мен шай қайта қойылды. Ән мен биден кейін жұрт ақырындап тарай бастады.

Түркия қазақтары тойының Қазақстандағы тойдан 7 өзгешелігі:

  1. Асаба болмайды;
  2. Тост айтылмайды;
  3. Аста–төк тамақ қойылмайды;
  4. Ақша төлеп әнші-биші шақырмайды;
  5. Шақырылған қонақтар келген уақыттарына қарай орын талғамай отырады;
  6. Музыка дауысы да қатты шықпайды, яғни, артық шу жоқ;
  7. Жігіт пен қалыңдық үшін арнайы безендірілген орын жоқ. Той біткенше отырған да жоқ.

Түрікше әнге билеу сәті

Түрікше әнге билеу Сурет informburo.kz


Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары