1 сәуірде қалаға 21 850 доза "Спутник V" вакцинасы әкелінген.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев күніне 8-9 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцина егу жоспарланғанын мәлімдеді.
"Вакцинациялауды бастаймыз. Бүгін таңертең барлық емханада жұмыс басталды. Бастапқыда квота бойынша 65 мың доза бердік, содан кейін мен премьер-министр Асқар Маминмен сөйлесіп, кем дегенде 100 мың доза қажет екенін айттым. Сәуір, мамыр, маусым үш айға ай сайын 250 мың доза квота бөлінеді. Ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін бізге шамамен 900 мың доза вакцина қажет. Көп адам коронавируспен ауырды. Егер адамдарға вакцина салсақ белгілі бір уақыттан кейін ұжымдық иммунитет қалыптасады", – деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Қала әкімінің сөзінше, қазір Алматыда 55 вакциналау пункті жұмыс істейді. Ол жерлерде бір күнде екі-үш мың адамға екпе егуге болады.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарынде вакцинация пункттерін ашуға дайындық жүруде
"Жеке меншік болсын, мемлекеттік болсын барлық емхана жұмылдырылды. Вакциналау орындарын 250-ге дейін жеткіземіз. 250 мың доза вакцина алар болсақ күніне шамамен 8-9 мың адамға екпе саламыз", – деді ол.
Бақытжан Сағынтаев коронавирусқа қарсы вакциналау қалыпты өмір салтына оралуға, инфекциядан қорғауға, біртіндеп карантиндік шектеулерді жеңілдетуге мүмкіндік беретінін айтты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💬 Депутат мүгедектігі бар жандардың проблемасын шешу үшін бірқатар ұсыныс айтты
-
244
-
0
-
1
-
-
2Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына келді
-
234
-
0
-
2
-
-
3«АрселорМиттал Теміртау» цехында аспалы кран құлады: зардап шеккендер жоқ
-
233
-
0
-
0
-
-
4Тағыбергеннің голы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде үздік деп танылды
-
166
-
0
-
5
-
-
5⚡️Алматыда 13 адам қаза тапқан хостелдің басшысы ұсталды
-
151
-
0
-
0
-
-
6⚡️Қостанай полициясы 40 жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсеткен екі бопсалаушыны ұстады
-
131
-
0
-
0
-