Клиникалар өздері азаматтарды вакциналауға шақырып немесе телефон арқылы вакцинаны алудың мүмкін күні туралы ақпарат беріп жатыр.
Вакцинация туралы ақпаратты өзіңіз тіркелген емхананың қабылдау бөліміне немесе учаскелік дәрігергіңізден біле аласыз. informburo.kz тілшілері өздері тіркелген медициналық мекемеге хабарласып, мәліметті тексеріп көрді. Вакцинаны кез келген адам ала алады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық QazVac вакцинасын егу сәуір айының соңында басталады
Сауда-ойын-сауық орталықтарында вакцинация пунктерін ашуға дайындалып жасалып жатыр. Grand Park Инстаграм парақшасында 3 сәуірден бастап сауда және ойын-сауық орталығында тұрғылықты мекен-жайына қарамастан кезек бойынша алдын-ала екпе жасалатынын айтты, бірақ кейінірек жазбаны өшіріп тастады. Жаппай вакцинацияның басталуына дайындық туралы ақпаратты басқа сауда ойын-сауық орталықтары растайды.
Халық екпе туралы ақпаратты клиникалар мен сауда орталықтарынан өзі іздеп тауып жатыр. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы егу пункттерінің толық тізімін ұсына алмай отыр және тек кейбір емханалар екпе алам деушілерді қабылдап жатқанын растады.
Басқарма мәліметінше, қалаға кеше вакцинаның 22 мың дозасы жеткізілді және жақында одан да көп вакцина алынады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев айтуынша, сәуір айынан маусым айына дейін ай сайын 250 мың доза жеткізілуі тиіс.
Сонымен бірге әкім де баспасөз конференциясында халықты жаппай вакцинациялау басталғаны туралы ақпарат болған жоқ, тек басым топтарды (дәрігерлер, мұғалімдер, полиция қызметкерлері) иммундау жалғасуда деп айтты.
Оқи отырыңыз: Тоқаев халықты жаппай вакцинамен қамтамасыз ете алмаған Денсаулық сақтау министрін сынға алды
"Сауда орталығында вакцинация пункттерін ашуға дайындық бірнеше күнге жалғасады", – деді Бақытжан Сағынтаев.
Ақпарат емханалардың өзінен және сауда ойын-сауық орталығынан түсіп жатыр. Қала билігінен әлі ресми мәлімет келген жоқ.