Тікелей эфир

Зейнетақы жинағын қандай мақсаттарға пайдалануға болады?

Жинақ қаражатын жыл соңына дейін төмен жеткілікті шек бойынша аударуға болады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан зейнетақы жинағын шешуге арналған жеткіліктілік шегі де өскенін хабарлады. Осы орайда Informburo.kz зейнетақы жинағын қандай мақсатта қолдануға болатынын еске салады. Қызмет enpf-otbasy.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

№1. Тұрғын үй жағдайын жақсарту

  • жер учаскесін сатып алу;
  • бастапқы және қайталама нарықтан үй алу;
  • ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеу (кез келген екінші деңгейлі банкте, кез келген бағдарлама бойынша);
  • сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;
  • тұрғын үй салу, жөндеу немесе кеңейту.

Зейнетақы қорынан қаржысын шешкен азамат оны үйді сатып алуға, жекешелендіруге, салынып жатқан үйге үлескер ретінде қатысуға, баспананың құнын бөліп төлеуге немесе несиеге бастапқы жарна ретінде жұмсауына болады. Ал егер ипотекалық қарызы болса, берешекті ішінара немесе толық өтеуге де пайдалануға болады.

Шарт: сатып алынған үйді 5 жыл ішінде қайтадан сатып жіберуге болмайды.

Толығырақ осы жерден оқуға болады. 

№2. Емделу

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға хабарласып, медициналық комиссиядан бір жолғы зейнетақы төлемдері есебінен емделуге жіберу туралы қорытынды алу қажет. Қорытынды медициналық комиссия отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шығарылады. Медициналық қызмет түрлерінің тізімі:

  • орфандық ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, емдеу, сондай-ақ емдеу тактикасын айқындау үшін диагностикалық зерттеулер;
  • ҚР аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация);
  • операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық);
  • радионуклидтік және радиойодтерапия;
  • радиохирургиялық емдеу (гамма-пышақ, киберпышақ);
  • протон терапиясы;
  • офтальмологиялық қызметтер (мүйізді коллагеннің кросслинкингі, көзді лазерлік түзету).

Медициналық қызметтердің осы тізбесі халықтың қажеттілігін ескере отырып қайта қаралуы мүмкін.

Толығырақ осы жерден оқуға болады. 

№3. Басқарушы компаниялардың иелігіне беру

Салымшы зейнетақы жинағының бір бөлігін жеке басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға бере алады. Ол үшін:

  • Салымшы зейнетақы жинағын бір не бірнеше басқарушы компанияға аудару туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өтініш жазуы қажет. Өтінішті БЖЗҚ-ға барып не қордың интернет-ресурсы арқылы онлайн беруге болады.
  • БЖЗҚ салымшының зейнетақы шотында қажетті соманың бар екенін тексергеннен кейін оны жеке компанияның басқаруына аударады. 

Зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қала береді. Қор салымшыларында өздерінің жинақ ақшасын басқа басқарушы компанияға аудару не Ұлттық банктің басқаруына қайтару құқығы сақталады. Салымшының өз зейнетақы жинағының бір бөлігін басқарушы компанияға аударуы біржолғы зейнетақы төлемін алуға жатпайтынын атап өту маңызды, себебі жеке басқаруға берілуге тиіс зейнетақы жинағы қор жүйесінде қала береді. Осылайша, жеке басқаруға берілген зейнетақы активтеріне басқаруға берілген кезде табыс салығы салынбайды.

Салымшылар зейнетақы жинақтарын бір басқарушы компаниядан екіншісіне жылына бір реттен жиі емес беруіне болады, ал оларды екі жылдан кейін Ұлттық банктің басқаруына қайтара алады.

Толығырақ осы жерден оқуға болады. 

Сондай-ақ, аталған азаматтар жинақтан алған қаражатты өзі, жұбайы және жақын туыстарына баспана алуға не ем-домға жұмсауға пайдалана алады. Заңнама бойынша, жақын туыстар қатарына ата-әжесі, ата-анасы, балалары, немерелері және бауырлары жатады. Министрлік отбасын мүшелерінің қаражатын мақсатты түрде пайдалану үшін біріктіру мүмкіндігін де қарастырмақшы.


Тақырып бойынша оқи отырыңыз:


 

Серіктестер жаңалықтары