Жаңа оқу жылы жақындап, ЖОО студенттерінің офлайн форматта оқитыны белгілі болғаннан кейін пәтер жалдау құны күрт шарықтады. Әсіресе, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында. Информбюро осы екі қаладағы пәтер жалдау бағасына Krisha.kz пәтер іздеу сервисі арқылы талдау жасап көрді.
Нұр-Сұлтан қаласы
Елордада бір бөлмелі пәтердің ең арзанын (ауданы шағын, жөндеу жұмыстарының сапасы өте төмен, географиялық тұрғыда шалғай орналасқан) жалдау құны 90 мың теңгеден кем емес. Ал бағаның ең жоғарысы Есіл ауданына тиесілі.
Есіл ауданында көлемі 41 шаршы бір бөлмелі метр пәтер жалдау бағасы 120 мың теңгеден басталады. Жиһазы түгел емес. Ал осы районда бір бөлмелі пәтерге 280 мың теңге сұрайтындар да бар. Есіл ауданында бір бөлмелі пәтердің жалдау құны орта есеппен 170 мың теңге шамасында.Осы ауданда элит класс үйлерде екі бөлмелі пәтердің жалдау бағасы 755 мың теңгеге дейін шарықтап тұр. 150-170 мың теңге шамасында эконом класс үйлерден екі бөлмелі пәтер жалдауға болады. Аудандағы екі бөлмелі пәтердің орташа жалдау құны 250-300 мың теңге.
Сарыарқа ауданында бір бөлмелі пәтерді жалдаудың ең жоғарғы бағасы 130 мың теңге. Ең арзаны 80 мың теңге. Аудандағы орташа баға 110 мың. Екі бөлмелі пәтерге 420 мың теңгеге дейін сұрайды. Ең арзаны 90 мың теңге. Орташа баға 180 мың теңге. Ауданда үш бөлмелі пәтерді кем дегенде айына 230 мың теңгеге жалға ала аласыз. Сондай ақ пәтерінің айлық жалдау ақысын 1 млнға бағалайтындар да бар. Пәтерді қарау үшін де 20 мың теңге төлеу керек. Орташа баға 300 мың теңге.
Байқоныр ауданында бір бөлмелі пәтер үшін айына ең аз дегенде 100 мың теңге сұрайды.Онда да жалдап алушылар естияр жастағы ересек адамдар болса деген шарты бар. Ең қымбат жалдау құны 150 мың теңге. Орташа баға 130 мың теңге. Екі бөлмелі пәтер үшін ең жоғарғы баға 350 мың теңге. Баласы жоқ, үй жануарларын ұстамайтын отбасыларға ғана жалға бермекші. Ең арзаны 130 мың теңге. Орташа баға 180 мың теңге. Үш бөлмелі пәтер үшін кем дегенде 230 мың сұрайды. Қымбаттары 500 мың теңгеге дейін. Орташа баға 230 мың теңге.
Алматы ауданында үш бөлмелі пәтерді бір айға жалдау кем дегенде 200 мың теңге. Элит класс үйлерде 650 мыңға дейін шарықтайды. Аудан бойынша орташа баға 250-300 мың теңге. Екі бөлмелі пәтердің жалдау құны бір айға 350 мың теңге. Бұл ең қымбат баға. Аудандағы ең төмен баға 150 мың теңге. Оның да шарты бар, мәселен, иесі пәтерді тек ерлі-зайыптыларға ұзақ мерзімге жалға бергісі келеді. Орташа баға 200-220 мың теңге. Бір бөлмелі жиһаз бен тұрмыстық техникасы түгел пәтерді 120 мың теңгеге жалға ала аласыз. Онда да тек ерлі-зайыптылар болса деген шарт қойған. Аудандағы бір бөлмелі пәтерді жалдаудың ең қымбаты 180 мың теңге. Үй иесінің шарты бойынша, алдын ала депозитке 60 мың теңге салып, екі жақты келісімшартқа қол қойылу керек. Орташа баға 150 мың теңге.
Алматы қаласы
Алматы қаласында баға елордадан әлдеқайда жоғары.
Алатау ауданында бір бөлмелі пәтерді жалға алудың ең төменгі бағасы 140 мың теңге. Пәтерде керек-жарақтың бәрі бар. Ең қымбаты 200 мың теңге. Орташа баға 180 мың теңге. Екі бөлме үшін айына 150 мың теңге сұрайды. Бұл ең арзаны. Хабарландыруда студенттерге месе, отбасылы адамға жалға бергісі келетінін айтылған. Ең қымбаттары 280 мыңға теңге. Тек отбасылы адамға жалға бермекші. Аудандағы орташа баға 250 мың теңге. Үш бөлмелі пәтердің жалдау құны кем дегенде 240 мың теңге. Пәтерінің айлық ақысын 430 мың теңгеге бағалайтындар бар. Орташа баға 280 мың теңге.
Алмалы ауданында бір бөлмелі пәтердің жалдау құны 150 мың теңгеден басталады. Ең қымбаты 310 мың теңге. Аудандағы орташа баға 250 мың теңге. Осы ауданда екі бөлмелі пәтерді 160 мың теңгеге табуға болады. Бірақ пітер иесінің тек бір адам тұрады деген шарты бар. Екі бөлмелі пәтердің ең қымбат айлық ақысына 500 мың теңге. Иесі үстіне 500 мың теңге депозитке салуды талап етеді. Ауданда екі бөлмелі пәтердің орташа жалдау бағасы 300 мың теңге. Үш бөлмелі ішінде жиһазы мен тұрмыстық техникасы жоқ пәтерді 220 мың теңгеге жалға алуға болады. Ең қымбат баға 750 мың теңге. Орташа баға 350 мың теңге.
Әуезов ауданында бір бөлмелі пәтерді жалдау үшін 100 мың теңгеге табуға болады. Хабарландыру иесі 50 мың теңге кепілдікке сұрайды. Ең жоғарғы баға 250 мың теңге. Кепілдік 100 мың теңге. Аудандағы жалға берілетін пәтерлердің орташа бағасы 200 мың теңге. Екі бөлмелі пәтерді 150 мың теңгеге табуға болады. Аудандағы екі бөлмелі пәтердің ең жоғарғы жалдау құны 450 мың теңге. Орташа баға 270 мың теңге. Үш бөлмелі пәтердің аудан бойынша ең төменгі жалдау ақысы 260 мың теңге. Иесінің талабы бойынша, пәтерде төрт адамнан артық адам тұрмауыс тиіс. Студенттер қарасытырылмайды. Ең жоғарғы баға 400 мың теңге. пәтер иесі шылым шегетіндерге жалға бергісі келмейді. Қайтарылатын депозит 200 мың теңге. Орташа баға 300 мың теңге.
Бостандық ауданында 150 мың теңгеге керек-жарағы түгел бір бөлмелі пәтерді жалға алуға болады. Аудандағы ең жоғарғы баға 400 мың теңге. Орташа баға 230 мың теңге. Екі бөлмелі пәтерді жалға алу құны кем дегенде 230 мың теңге. Ең қымбаты 850 мың теңге. Орташа баға 400 мың теңге. Үш бөлмелі пәтерді кем дегенде 140 мың теңгеге жалға алуға болады. Иесін пәтерін тек отбасылы адамға, үзақ мерзімге жалға бермекші. Ең жоғарғы жалдау бағасы 3 млн теңге. Айта кетерлігі, пәтер иесі бұл бір айдың жалдау ақысы ма айтпаған. Аудандағы орташа баға 640 мың теңге.
Жетісу ауданында бір бөлмелі пәтерді 95 мың теңгеге жалға алуға болады. Ең қымбат жалдау ақысы 180 мың теңге. Аудандағы орташа баға 120 мың теңге. Екі бөлмелі пәтердің ең төменгі жалдау ақысы 110 мың теңге. Ең қымбаты 180 мың теңгеге дейін жетеді. Орташа баға 150 мың теңге. Үш бөлмелі пәтердің бір айлық жалдау ақысын кем дегенде 180 мың теңгеге бағалайды. Ең қымбаты 600 мың теңге. Орташа баға 200 мың теңге.
Медеу ауданынан бір бөлмелі пәтерді 140 мың теңгеге жалға алуға болады. Ең жоғарғы баға 700 мың теңге. Ауданда орташа жалдау ақысы 300 мың теңге. Екі бөлмелі пәтерді 200 мың теңгеге жалдай аласыз. Ең қымбаты айына 950 мың теңгеге дейін жалға береді. Орташа баға 400 мың теңге. Үш бөлмелі пәтерді 250 мың теңгеге жалдайды. Бұл ең арзан баға. Ауданда үш бөлмелі пәтерлердің жалдау ақысы 1,5 миллионға дейін жеткен. Орташа баға 580 мың теңге. Наурыз ауданында бір бөлмелі пәтерді бір айға кем дегенде 100 мың теңгеге жалға береді. Ең жоғарғы баға 400 мың теңге. Орташа жалдау ақысы 120 мың теңге.
Студенттер пәтер жалдауда тиімді үнем жасауы үшін және алаяқтардың алдауына түсіп қалмасы үшін бірқатар кеңестер ұсынамыз.
Оқу орыныңызға жақын жерден іздеу
- Бірнеше адам бірігіп Университеттіңізге жақын жерде пәтер жалдау. Осылайша жалдау шығынын азайтуға болады. Тек көршілеріңіздің көңілін тапсаңыз болды, жалдау ақысын бір немесе екі есеге арзанға түседі. Айта кетерлігі, пәтер иесі бір топ студентке үйін жалға бергісі келмеуі мүмкін. Оған да дайын болу керек.
- Сондай-ақ пәтерді қоғамдық көлік жүретін жерге жақын алу да, шығыныңызды біршама қысқартады. Яғни, университетке жақын жерде пәтер табылмаса, қоғамдық көлік мәселесін басты назарда ұстау керек.
- Жалға пәтер іздегенде бірінші кездескен риэлтормен келісімшарт жасасуға асықпау керек. Пәтер иесінің өзімен байланысқа шығу жағын қарастырған жөн. Мәселен, әлеуметтік желілердегі делдалсыз пәтерді жалға беретін пабликтерден іздеуге болады.
- Басқа амал қалмаса, риэлторға пәтер көрсеткені үшін ғана ақысын төлеп, кетіп қалуға болады. Бірақ біраз уақыттан соң қайта оралып, пәтер иесімен жолыға аласыз.
Оқи отырыңыз: Пәтер жалдау немесе ипотекаға баспана алу: қайсысы тиімді?
Кәсіби риэлторға жүгінген дұрыс
Егер пәтердің қожайынына шыға алмасаңыз тек кәсіби риэлторлардың қызметіне жүгінген жөн. Қазақстан риэлторларының біріккен қауымдастығының президенті Лариса Степаненко нарықта алаяқтар көп, сондықтан өте мұқият болу керек екенін айтады.
"Мен ақпараттық агенттіктерге хабарласуға кеңес бермеймін. Оларды қалай тануға болады? Егер сізге кеңсеге келіп, шартқа қол қоюды және 15-20 мың теңге төлеуді (кейде 10 мың теңге үшін де кездеседі) ұсынса және осыдан кейін сіз орналасқанға дейін меншік иелерінің телефон нөмірлерін беруге уәде берсе, келіспеңіз – бұл тұзақ. Сіз ақшаны ғана емес, ең бастысы – уақытыңызды жоғалтасыз. Нөмірлер кез-келген пәтер (клиент белгілеген параметрлерге сәйкес келетіндерді ғана емес) иесінікі болуы мүмкін. Өткенде маған бір әйел ақшаны қалай қайтаруға болатынын сұрады. Ол екі агенттікке жүгінген. Екеуі де оған кездейсоқ телефон нөмірлерді бере салған. Арасында қонақ үйлердің де нөмірі болған. Яғни, мұндай агенттіктерде нақты пәтер иелері арасында байланыс жоқ, жалған нөмірлер жібереді", – дейді Лариса Степаненко.
Кәсіби агенттіктердің комиссиясы ақпараттық агенттіктерге қарағанда жоғары және бір айлық жалдау мөлшерлемесінің 30 пайызы. Бірақ риэлтор өз жұмысына жауап береді: ол жалға алушымен бірге пәтерді көруге барады, барлық қажетті құжаттарды толтырады және жалға алушының уақытты мен ақшасын үнемдейді.
"Кәсіби агенттіктің жұмысы келесідей: қызмет көрсету туралы келісімге қол қойылады, бірақ төлем жалға алушыны орналастырғаннан кейін жүзеге асырылады. Осы өтініммен жұмыс істейтін риэлтор нұсқаларды таңдайды, жалға алушымен бірге ол жерге барады, пәтерді тапсыруға ұсынылған адамды тексереді, адамның осы пәтерді жалға беру құқығын тексереді. Бұл алаяқтарға алданбау үшін қажет. Кейде олар жалға алушылардан алты айға немесе екі-үш айға ақша алған соң, ол пәтер иесі емес, өзі де жалға алушы екенін анықталып жатады", – дейді Лариса Степаненко.
Лайықты пәтер табылып жатса, келісімшарт рәсімдеуге қамданыңыз
Бұл құжат пәтер иесімен даулы мәселелер туындаған кезде сіздің мүддеңізді қорғайды.
"Жалдау шартында пәтерді тапсыру кезеңінде екі тарап та ынтымақтасуға келісетін барлық талаптар жазылады. Шарт жасасу кезінде пәтердің фотосуреттерін түсіріп, жалға алушының тұрғын үйді қандай жағдайда қабылдайтынын көрсете отырып, мүліктің тізімін жасау қажет. Сондай-ақ, су және электр есептегіштерінің ағымдағы көрсеткіштері көрсетілген үй-жайларды қабылдау-беру актісі жасалады. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін Жалға беруші пәтерді иесіне қайтаруға міндетті", – дейді Лариса Степаненко.
Оқи отырыңыз: Пәтер таңдауда неге мән беру қажет?
Алдын ала ақша төлеуге асықпаңыз
Өзінің төлем қабілеттілігін және ұнаған пәтерді жалға алу ниетін растағысы келген студенттер пәтерді көзбен көрмей жатып, алдын ала бір бөлігін төлей қойғысы келеді. Лариса Степаненконың айтуынша, көп жағдайда алаяқтар ғана алдын ала төлем сұрайды.
"Ешқашан пәтер үшін депозит аудармаңыз. Қазір пәтерді жалға беруге хабарландырулар орналастырылған сайттарда жалған мәліметтер көп. Жалға алушы фотода әдемі, таза пәтерді және ең бастысы арзан пәтерді көреді. Оған телефонмен "мен бара жатырмын, менде бірнеше адам бар. Сіз шынымен нені түсіргіңіз келетінін қалай түсінуге болады? Деп сызыла сөйлеуі мүмкін. "Адам: "мен өтірік айтпаймын, мен жақсымын, мен ұзақ уақытқа жалдаймын", – деп сұрана бастайды және карточкаға депозит ретінде ақша аударады. Содан кейін пәтер де, ақша да жоқ қалады. Сондықтан ешқандай жағдайда, егер сіз иесін көрмесеңіз, пәтер мен құжаттарды көрмесеңіз, ақша аудармаңыз", – дейді Лариса Степаненко.