USD: 466.5 / 469.1
  • EUR: 536.0 / 541.0
  • RUB: 5.35 / 5.47
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Жамбыл облысында TikTok-та балағат сөз айтқан әйел психикалық орталыққа жатқызылды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Балағат сөз айтқан әйелдің балалары әкесінің қарауына берілді.

Жамбыл облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде бірнеше рет балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған әйел психикалық денсаулық орталығына жатқызылды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, TikTok-та "Золотая женщина" лақап атымен танылған Байзақ ауданының 41 жастағы тұрғыны Лайло Қасымова тікелей эфирлер барысында бірнеше мәрте бейәдеп сөздер қолданған.

"Оған бірнеше рет ескерту жасалып, профилактикалық жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, әйел мұндай әрекеттерін тоқтатпаған. Сондай-ақ ол тікелей эфирлерде өзінің кәмелетке толмаған балаларына қатысты да балағат сөздер айтқан", – делінген хабарламада. 

Полицияның мәліметінше, оқиғаға байланысты қорғаншылық және қамқоршылық органдары мен басқа да тиісті қызметтердің қатысуымен балалардың тұру және тәрбиелену жағдайына тексеру жүргізілген. Қазір балалар әкесінің қарауына берілген.

Жедел медициналық жәрдем қызметі тексергеннен кейін Лайло Қасымова ем қабылдау үшін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау