YouTube тек жасанды интеллект көмегімен контент тарататын арналарды бұғаттап бастады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Видеохостинг 6 миллионға жуық адам жазылған екі арнаны жойса, кезекте тағы 16 арна тұр.

The Verge басылымының хабарлауынша, YouTube видеохостингінің бас директоры Нил Моханның жасанды интеллект көмегімен жасалған әрі сапасы төмен контент тарататын арналарды сынға алғанынан кейін, хостинг мұндай арналармен күресті бастап кеткен. 

Қазірдің өзінде 5,9 миллион жазылушысы бар CuentosFacianantes және 5,8 миллион жазылушысы бар Imperio de Jesus арналарының көзі жойылған.

Олардан бөлек, әрбіріне 2 миллионнан астам адам жазылған тағы 16 YouTube арнаның езекте тұрғаны белгілі болды. Олардың қатарында Hеroes de Fantasia, Adhamali-0, Roupa25, Super Cat League және басқалар бар.

Еске салайық, хостинг басшысы Нил Мохан 2026 жылғы қызметінде жасанды интеллект көмегімен сапасыз контент әзірлеп тарататын арналармен күреске басымдық беретінін айтқан болатын. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз