Тікелей эфир

Қазақстанда YouTube Premium іске қосылды

YouTube Premium контентті жарнамасыз қарауға мүмкіндік береді.

Қолданушылар мен контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашатын YouTube Premium енді Қазақстанда, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин. 

"Бұл оқиға елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мен оны жаһандық желіге біріктіруде жасаған елеулі қадам. Басқа қызметтермен қатар YouTube Premium-ді қолдану бейне мен музыкалық мазмұнға жарнамасыз шексіз қол жетімділікті, бейне материалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеу мүмкіндігін және басқа қосымшаларды қатар қолдану кезінде оны фондық режимде де тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді", – деп жазды ол. 

Оның сөзінше, бұл өткен жылдың наурыз айында Кремний алқабына Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президент Адам Смитпен болған келіссөздің нәтижесі. 

Сондай-ақ, ол қазір цифрлық экономиканы дамыту мен Қазақстандағы жергілікті контент-жасаушыларды қолдау мүмкіндіктері қарастырылып жатқанын атап өтті. 


Оқи отырыңыз: YouTube арқылы қайтіп ақша табуға болады? Желідегі қазақша контенттер сын көтере ме?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары