Үш облыста республикалық маңызы бар жолдарды су басып жатыр

Фото: ҚазАвтоЖол
Фото: ҚазАвтоЖол
"ҚазАвтоЖол" тасжолдардағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Қазақстанның үш облысында су тасқынына байланысты тасжолдар жабылды.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, еріген қар суының салдарынан үш облыстағы үш республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы:

"Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

"Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

"Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 260 техника мен 574 маман жұмылдырылды", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары