Қазақстанда 18 жасқа толмаған 6,5 млн бала бар.
Балалар 18 жасқа толған соң 10 жыл ішінде "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында аударылған қаражатты пайдаланбаса, ол бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады. Бұл туралы "1001 түн" бағдарламасында айтылды.
Қаржы Қазақстан Республикасының азаматы атанған әр балаға 18 жасқа толғанша аударылады. Бала ол қаражатты кәмелет жасқа толған соң екі мақсатта: тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу үшін пайдалана алады.
"Бір үйдің бірнеше баласы болса, құқықтық мүмкіндіктер беріледі. Егер мүгедектігі бар бала болса, білім алуға қабілеттілігі қиындық туындаса, заң шығарушы орган басқа мүмкіндіктерді де қарастырады", – деді ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов.
Оқи отырыңыз: Қаржы министрлігі "Ұлттық қор – балаларға" жобасын қалай жүзеге асыратынын таныстырды
Қазақстанда қазір 18 жасқа толмаған 6,5 млн бала бар.
"Шот долларлық есепте ашылады. Тіркеуге кірмей қалған ауылдық жерде балалар да бар. Бірақ, бұл Қазақстан азаматтарға ғана беріледі. Белгілі бір жасқа келгенше көшіп келген өзге ел азаматтарына берілмейді", – деді парламент мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапақ.
Қаражатты алып отыру үшін ата-анаға баласы үшін есепшот ашудың қажеті жоқ. Себебі базада тіркелген әр балаға шот автоматты түрде ашылады.
"Бірақ мектепті аяқтаған соң мемлекет тарапынан грантқа ие болып, ақшаны алмаса, ақша сақталып тұрады. Егер 10 жыл ішінде алушы тараптан сұраныс болмаса, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады, Осы заң жобасымен қатар 6 кодекске, 10 заң жобасына өзгерістер енгізіледі", – деді Айбол Арғынғазинов.
Жыл сайын шотқа аударылатын қаражат сомасы өзгеріп отыруы мүмкін. Себебі ол Ұлттық қордың 18 жылдық кірістілік мәніне байланысты аударылады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
-
270
-
0
-
2
-
-
2🤑 Абай облысында таныстарын 21 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды
-
271
-
0
-
0
-
-
3💸 KEGOC акциялары SPO-ға шығады
-
264
-
0
-
2
-
-
4🇰🇿 Тоқаев ЕҚЫҰ басшысына: Бізді ұйымның рөлі туралы пікірлер қайшылығы алаңдатады
-
276
-
0
-
0
-
-
5🛍 "Кел де ала бер". Түркістан облысында мұқтаж жандарға арналған тегін дүкен ашылды
-
303
-
0
-
3
-
-
6🪖 "Барлық мәселе тәрбиеде": Қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік пен суицид туралы
-
328
-
0
-
0
-
-
7🚉Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?
-
292
-
0
-
0
-
-
8😍 ЮНЕСКО: "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
-
291
-
0
-
0
-
-
9😱 Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды
-
296
-
0
-
0
-
-
10🏝 Павлодар облысы әкімінің бұрынғы резиденциясы мемлекет меншігіне қайтарылады
-
276
-
0
-
0
-