USD: 468.3 / 470.7
  • EUR: 534.5 / 539.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Үлкен Алматы көліне 5,3 шақырымдық жаңа туристік соқпақ салынады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Дархан Сатыбалды Үлкен Алматы көлі маңындағы туристік жобалармен танысты.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Үлкен Алматы көлі маңындағы туристік инфрақұрылымды дамытуға арналған жобалармен танысты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Әкімге "Алматы – Космостанция" автожолын және "Алма-Арасан" шипажайына апаратын кіреберіс жолды күрделі жөндеу жобасы таныстырылды. Жоба аясында 26,5 шақырым жол толық жаңартылып, автотұрақ салынады.

"Сонымен қатар Үлкен Алматы көліне апаратын аспалы жол станциясының тұжырымдамасы ұсынылды. Жоба экологиялық таза көлік түрін дамытуға және туристердің көлге қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Жоба аясында ұзындығы 5,3 шақырым болатын заманауи туристік соқпақ салынады. Маршрут бойында бағыттаушы белгілер, ақпараттық стендтер, демалыс орындары, шолу алаңдары, фотоаймақтар, баспалдақтар мен өткелдер орнатылады", – делінген хабарламада.

Жұмыс сапарының қорытындысында Дархан Сатыбалды барлық жобаны сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды, сондай-ақ экологиялық талаптарды қатаң сақтауды тапсырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау