USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

LRT құрылысы: Алматыда Төле би көшесінде жаңа жарықтандыру тіректері орнатылады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда LRT құрылысына байланысты 165 тірек алынды.

Алматыдағы алғашқы LRT желісінің құрылысы аясында жұмыстардың кезекті кезеңі басталады. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының өкілдері айтты.

Төле би көшесінің Момышұлы көшесінен Жароков көшесіне дейінгі шығыс бағытындағы учаскесінде бұрынғы трамвай желісінің байланыс торабына тиесілі қолданыстағы тіректер алынып, олардың орнына сыртқы жарықтандырудың жаңа сәндік тіректері орнатылады. 

"Қазір қолданыстағы тіректерде әуе электр беру желілері, байланыс желілері, интернет-провайдерлердің желілері, жарнамалық құрылымдар және басқа да инженерлік коммуникациялар орналасқан. Олардың бір бөлігінің меншік иелері немесе пайдаланушы ұйымдары әлі күнге дейін анықталмаған. Бұған дейін Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы байланыс операторларына, интернет-провайдерлерге, коммуналдық кәсіпорындарға және инженерлік желілердің өзге де меншік иелеріне коммуникацияларды көшіру немесе қайта орналастыру қажеттігі туралы хабарлама жолдаған болатын. Алайда меншік иелерінің бір бөлігі бүгінгі күнге дейін қажетті жұмыстарды орындамаған немесе олардың кімге тиесілі екені анықталмаған", – делінген хабарламада.

Инженерлік желілердің зақымдануына, сондай-ақ электрмен жабдықтау, байланыс және интернет қызметінің үзілуіне жол бермеу мақсатында Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы барлық меншік иесі мен пайдаланушы ұйымға қайтадан үндеу жасап, 2026 жылы 24 шілдені қосқанда аталған учаскеде орналасқан өздеріне тиесілі желілерді алып тастау немесе басқа орынға көшіру жұмыстарын аяқтауға шақырады.

25 шілдеден бастап аталған учаскеде бұрынғы байланыс торабының 165 қолданыстағы тірегін алып тастау және сыртқы жарықтандырудың жаңа тіректерін орнату жұмыстары басталады. Жобаға сәйкес, құрылыс аяқталғаннан кейін қолданыстағы әуе желілерін жаңа тіректерге қайта орналастыру қарастырылмаған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау