Тікелей эфир

Үкіметте Қазақстан-Ресей сауда қатынастарын дамыту барысы талқыланды

Қазақстан өңірлері мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы 113,3 млн долларды құрады.

Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Түмен облысының губернаторы Александр Моормен кездесу өткізді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан-Ресей сауда қатынастарын дамыту аясындағы аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан өңірлері мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы 113,3 миллион доллар болды.

Кездесуде көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, мемлекеттік шекара арқылы автомобиль жүк-жолаушылар көпжақты өткізу пунктін реконструкциялау жобасы қаралды.

Кешенді күрделі жөндеу шеңберінде өткізу пунктінің қолданыстағы шекараларында кіру жолақтарын кеңейту және жүк көлігі бағытында екі жолақ, жеңіл көлік бағытында төрт жолақ салу жоспарланып отыр.

Жобаны іске асыру бекеттің өткізу қабілетін жақсартуға және сауда-экономикалық байланыстарды арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа, жоғары білім, туризм және спорт салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары