Тікелей эфир

Қазақстанда Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузиядан келген заңсыз мигранттар анықталды

Кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Алматыда заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.

Қала прокуратурасы жүргізген тексеру шеңберінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузия азаматтарының заңсыз көші-қон легі анықталды.

"Шет ел азаматтарының ел аумағына заңсыз келуіне, жалған құжаттар бойынша тұрақты тұруға рұқсат алу негіз болған. 5 маусымда Наурызбай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігімен Наурызбай ауданының прокуратурасы бастаған соталды тергеп-тексеру бойынша айыптау үкімі шығарылды. Кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды", – делінген хабарламада.

Әдетте заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, жалған фирмалар арқылы жүзеге асырылады.

"Қазіргі уақытта прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кіріс органдары, жалған фирмалардың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану жұмыстарын жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары