USD: 466.3 / 468.7
  • EUR: 532.5 / 537.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Түркия алғашқы спутнигін 11 сәуірде ғарышқа ұшырады

Спутник ұзындығы мың және ені 16,73 шақырым аумақты бір уақытта суретке түсіріп, секундына 320 мегабайт деректі жердегі станцияға жібере алады.

Түркияның бірінші IMECE жоғары ажыратымдылықтағы бақылау спутнигі 11 сәуірде орбитаға шығарылады. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

"Біз дайындалған адам ресурстары, біз ұсынатын мүмкіндіктер және біз әзірлеген технологиялардың арқасында жаһандық ғарыш жарысына қатысуды жалғастырамыз", – деп жазды Режеп Тайып Ердоған.

IMECE жер серігін Түрік ғарыштық технологиялар зерттеу институтының (TÜBİTAK UZAY) инженерлері әзірлеген. 11 сәуірде жерсеріктің ұшырылуына байланысты институт аумағында салтанатты шара өтіп, Түркия президенті бейне үндеу жолдайды деп жоспарланған.

Осылайша, Түркия алғаш рет ұлттық ресурстар есебінен әзірленген метрден төмен ажыратымдылықтағы электрооптикалық спутниктік камераға ие болады.


Оқи отырыңыз: Робот дәрігер, наноспутник және Qmeta. Қазақстан оқушылары әзірлеген 7 стартап


Айта кетейік, IMECE жер серігінің салмағы шамамен – 700 кг, өлшемдері шамамен – 2х3,1 метр. Ол 680 шақырым биіктікте жұмыс істейді. Спутник әлемнің түкпір-түкпірін, ұзындығы 1000 км және ені 16,73 км аумақты бір уақытта суретке түсіріп, секундына 320 мегабайт деректерді жердегі станцияға жібере алады. Сонымен қатар табиғи апаттар туралы мәліметтер бере алады, картаға түсіру үшін пайдаланылады және ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Оның азаматтық және қауіпсіздік мақсатында болжалды қызмет ету мерзімі – 5 жыл.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау