Тікелей эфир

Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?

Қала облыс орталығына айналғалы бері халық саны 35 пайыз өскен.

Түркістан қаласында қазіргі таңда 220 мың адам тұрады. 2018 жылы облыс орталығы мәртебесіне ие болған соң қала халқының саны 161,5 мың адамнан 35 пайызға өскен. 

Ашық НҚА порталында жарияланған "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасының реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының жобасына сәйкес, қала халқының саны 2035 жылы 350 мың адамға, ал 2050 жылға қарай 500 мың адамға жетеді деп болжам жасалған.

Еске салайық, 2021 жылы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани астанасы деп тану туралы шешім қабылданған болатын. Сондай-ақ, биыл "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңды қабылдау жоспарланып отыр. 


Оқи отырыңыз: 


"Түркістан қаласының түркі әлемінің рухани астанасы ретінде дамуын және көптеген туристік және мәдени нысандардың құрылысын ескере отырып, 2025 жылға қарай туристер саны 2,5 млн адамға дейін өседі. Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілер санының жыл сайынғы өсуі 11 пайызды құрайды", – делінген құжат жобасында. 

Құжатты жария талқылау мерзімі – 21 маусымға дейін. 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары