Тоқаев Үндістан премьер-министрін туған күнімен құттықтап, оны Қазақстанға шақырды
Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиді туған күнімен құттықтап, оны Қазақстанға шақырды, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың мәліметіне сүйенсек, Тоқаев оған құттықтау жеделхатын жолдаған.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің тегеурінді әрі парасатты басшылығымен Үндістан экономикалық өсім, орнықты даму және ғылыми-техникалық әлеует тұрғысынан жаһандық көшбасшылардың бірі ретінде позициясын нығайтып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы Нью-Делиде өткен БРИКС саммиті барысында көрсетілген сый-құрмет пен қонақжайлық үшін Үндістан Үкіметінің жетекшісіне ризашылығын білдірді", – деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ, Ақорданың ақпаратына сүйенсек, Тоқаев Нарендра Модиді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі", – деп хабарлайды Ақорда.