Тоқаев теміржолшыларға арналған қолжетімді тұрғын үй бастамасын қолдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Қазақстанда теміржол арқылы жүк транзиті 20 пайызға өсті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында президентке компанияның өткен жылғы қызмет қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары таныстырылды. Мәліметке сәйкес, тарифтік жүк айналымы 10 пайызға өсіп, 289 миллиард тонна-шақырымды құраған. Ал тасымал көлемі 5,5 пайызға артып, 320 миллион тоннаға жеткен.

Экспорттық тасымал көлемі 89 миллион тоннадан асса, жүк транзиті 20 пайыздан астам өсіп, 33 миллион тоннаны құрады. Былтыр пайдалануға берілген Достық – Мойынты теміржолының екінші желісі арқылы 6 миллион тоннадан астам жүк немесе 100 мыңнан аса вагон тасымалданған.

Талғат Алдыбергенов теміржол инфрақұрылымын кеңейту және жаңғырту жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда іске асырылып жатқан жобалардың жалпы ұзындығы 3900 шақырымды құрайды. Сонымен қатар қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мақсатында жасанды интеллект элементтері енгізілген цифрлық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол саласындағы әлеуметтік мәселелердің маңыздылығына тоқталып, теміржолшылар үшін қолжетімді тұрғын үй салу бастамасын қолдады. Президент саланы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз