Ержан Қазыхан Тоқаевтың АҚШ-пен келіссөз бойынша өкілі болып тағайындалды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Ол Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздерге қатысады.

Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаевтың өкімімен Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен ұлттар ұйымының бөлімшесі және өзге де халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Ержан Қазыханға жаңа қызметтік міндет жүктелді, деп хабарлайды Ақорда.

Ол Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесінде Қазақстан Республикасы президентінің өкілі ретінде жұмыс істейтін болады.

Ержан Қазыхан төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие. Төрт орденмен марапатталған. Қазақстанның сыртқы саясаты және көпжақты дипломатиясы туралы көптеген мақалалардың авторы. Ағылшын және араб тілдерін меңгерген.

Айта кетейік, 2025 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 жұмыс сапарын жасады, оның ішінде екеуі АҚШ-қа болды. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне сенім грамотасын тапсыру барысында президент Қазақстанның "көптеген салаларда стратегиялық серіктестікті қолдау және нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын" атап өтті.


Оқи отырыңыз: 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Тоқаев жарлыққа қол қойды


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз