USD: 484.3 / 487.3
  • EUR: 564.0 / 569.0
  • RUB: 6.37 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Тоқаев: Тәуелсіздіктің 35 жылдығын нақты нәтижемен қарсы алуымыз керек

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Президент Қазақстандағы реформалардың нәтижесіне баға берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шарада Қазақстанның соңғы жылдардағы даму қарқыны мен жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесіне тоқталды. Президенттің айтуынша, ел орнықты дамудың даңғыл жолына түсіп, қоғамдық өмірдің барлық саласында жаңару үдерісі жүріп жатыр.

Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішінде жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесіне баға берді.

Мемлекет басшысы биыл Қазақстан үшін ерекше маңызға ие жыл екенін атап өтті. Оның айтуынша, ел Тәуелсіздіктің 35 жылдығын қарсы алуға дайындалып жатыр.

"Құрметті отандастар! Біз биыл Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтеміз. Бұл тарихи кезең жүріп өткен жолымызды жан-жақты терең талдауды және болашаққа стратегиялық жоспар құруды мұқият ойластыру тұрғысынан үлкен мәнге ие", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтойды тек салтанатты шаралармен емес, нақты жетістіктермен қарсы алу қажеттігін айтты.

"Биыл тұтас еліміз үшін ауқымды өзгерістерге толы жыл болып отыр. Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық саласында соны серпіліске ұмтылған ел ретінде орнықты дамудың даңғыл жолына түсті", – деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Осыдан 34 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран бекітілген болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз