USD: 491.3 / 494.3
  • EUR: 572.0 / 577.0
  • RUB: 6.55 / 6.67
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

"Қаланың келбеті әлі өзгерген жоқ". Тоқаев Қонаевта театр, стадион және мектептер салуды тапсырды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Президент Қонаевтағы инфрақұрылым құрылысының баяу жүріп жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте облыстың даму көрсеткіші туралы ойын білдірді, деп хабарлайды Ақорда.

"Негізі, облыстың даму қарқыны жаман емес. Тиісті жұмыс істеліп жатыр. Былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 6,7 триллион теңге болып, 5,4 пайызға өсті. Қаңтар-сәуір айларындағы қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш бойынша аймақ 5-орында тұр. Инвестиция тарту жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері облыс экономикасына 266,2 миллиард теңге инвестиция салынды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 900 миллиард теңгеге жетті. Бірақ аграрлық сектордың әлеуеті әлі де толық игерілмей жатыр. Биылғы 4 айдың нәтижесі бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығының нақты көлем индексі 101,2 пайыз болды", – дейді Тоқаев.

Мемлекет басшысы сөзін жалғай отырып, Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатқанын айрықша атап өтті.

"Алайда, бір олқылыққа назар аударғым келеді. Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатыр. "Баяғы жартас – сол жартас", қаланың келбеті – өзгеріссіз күйде. Бұл қалада шұғыл түрде театр, стадион, әкімшілік ғимараттары мен мектептер салу керек. Онсыз Алматы облысы өз аяғына тұрып кете алмайды. Облыс басшылығы осы өзекті мәселелерге баса назар аударуы қажет", – дейді мемлекет басшысы

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз