Шымкентте блефаропластикадан кейін әйел бір көзінен айырылды. Хирург сотталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Хирург 1,6 жылға сотталды.

Шымкентте бір әйелге блефаропластика жасатып, оны бір көзінен айырған хирург 1,6 жылға сотталды. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.

Дереккөзге сүйенсек, операция жасаған хирургтің тиісті дипломы және лицензиясы болмаған.

"Сот оны қылмыстық кодекстің 322-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға соттады. Сондай-ақ 3 жыл мерзімге медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды", – деп хабарлайды прокуратура.

Өкінішке қарай, қабағына қатпар салғысы келген әйелдің бір көзі мүлде көрмей қалған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау