Су тасқынының алдын алу бойынша өңірлерде 43 іс-шара жүзеге асырылды

Фото: РГП "Казводхоз"
Фото: РГП "Казводхоз"
Абай облысында Шар су қоймасының қорғаныс бөгеті салынды.

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 13 өңірдегі гидротехникалық құрылыстарда су тасқыны салдарының алдын алуға бағытталған 43 іс-шара жүзеге асырылды, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында жұмыстар жүргізілді.

"Жоспарға гидротехникалық құрылыстарды ағымдағы жөндеу, каналдарды тазарту және жағалау нығайту жұмыстары кірді. Мысалы, Ақмола облысында Шағалалы және Сілеті су қоймалары, сонымен қатар "Алва" лимандық суару жүйесі жөндеуден өтті. Абай облысында Шар су қоймасының қорғаныс бөгеті салынды. Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев гидроторабында жағалау нығайту жұмыстары жүргізілді", – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз