USD: 487.3 / 490.3
  • EUR: 566.0 / 571.0
  • RUB: 6.37 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

ШҚО-да 2 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com
Прокуратура жер ресурстарын пайдалану мәселесін бақылауға алды.

Шығыс Қазақстан облысында прокуратура 2 мың гектардан астам жерді мемлекет меншігіне қайтарды.

Катонқарағай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тиімсіз пайдаланылғанын анықтаған.

Тексеру нәтижесінде жалға алушылардың шаруа және фермер қожалығын жүргізуге арналған жер учаскелерін бір жыл бойы мақсатты түрде пайдаланбағаны белгілі болды.

"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы ауданы 2092,6 гектар, кадастрлық құны 17,7 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Жер ресурстарын нысаналы пайдалану мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында", – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз