Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ерлер арасындағы тасжол велоспортының жекелей уақытқа жарысында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Осылайша, Қазақстан қоржынында Азиададағы екінші алтын түсті.
Еске салайық, бұл – Алексей Луценконың Азия ойындарындағы төртінші қатысуы. Ол құрлықтық додада бесінші алтын медалін иеленіп отыр.
Луценко бұған дейін Инчхон, Джакарта және Ханчжоуда өткен Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста чемпион атанған. Сонымен қатар 2018 жылы Джакартадағы Азия ойындарында топтық жарыста алтын, Ханчжоудағы бәсекеде күміс медаль жеңіп алды.
Алексей Луценко – 2017 жылғы Азия чемпионы және 2012 жылғы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионы.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары Айти–Нагояда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.
Азиада-2026: Рината Сұлтанова Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды