Азиада-2026: Рината Сұлтанова Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Қазақстандық спортшы тасжолдағы жекелей жарыста ең үздік уақыт көрсетті.

Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова XX жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы тасжолдағы жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстан құрамасының биылғы Азиададағы алғашқы алтыны. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Сұлтанова жекелей жарысты 36:23.72 уақыт көрсеткішімен аяқтап, бірінші орын алды. Қытайлық Чжан Хао – 36:28.40 нәтижесімен күміс, оңтүстіккореялық Син Джиын 36:56.14 көрсеткішімен қола медаль иеленді.

Рината Сұлтанова Азия ойындарына екінші рет қатысып отыр. Ол бұған дейін Ханчжоуда өткен Азиадада жекелей жарыста қола медаль жеңіп алған.

Министрліктің мәліметінше, соңғы жылдары спортшыларды ірі халықаралық жарыстарға дайындауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Велоспорт федерациясы спортшылардың Азия чемпионаттары мен басқа да маңызды жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді.

Қазір Қазақстанның тоғыз өңірінде тасжолдағы велоспорт дамып келеді. Өңірлердегі спортшыларды даярлау жүйесі, федерация мен жаттықтырушылардың жұмысы және спорт резервін қалыптастыру елдегі велоспортты дамытуға бағытталған.

Еске салайық, бұған дейін  триатлоншы Арлан Жанабай Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болған еді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау