FlyArystan жекелеген ішкі рейстерге тариф құнынан 15% жеңілдік ұсынатын Berekeli Beisenbi акциясын іске қосты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Арнайы ұсынысты 17–18 қыркүйек аралығында әуе компаниясының ресми сайты мен мобильді қосымшасы арқылы пайдалануға болады. Жеңілдікпен билеттерді 2026 жылғы 3 қараша мен 2027 жылғы 28 ақпан аралығындағы рейстерге сатып алуға мүмкіндік бар.
15% жеңілдік мына ішкі бағыттарға қолданылады:
- Алматы – Өскемен – Алматы;
- Астана – Өскемен – Астана;
- Алматы – Түркістан – Алматы;
- Атырау – Шымкент – Атырау;
- Ақтау – Шымкент – Ақтау.
Алайда жеңілдік 2026 жылғы 23 желтоқсан мен 2027 жылғы 7 қаңтар аралығындағы рейстерге қолданылмайды. Әуе компаниясы арнайы тариф бойынша билеттер саны шектеулі екенін ескертті. Сондықтан жеңілдікпен билет сатып алғысы келетін жолаушылар акция мерзімі аяқталғанға дейін тапсырыс беруі керек.
FlyArystan стандартты тарифіне салмағы 7 келіге дейінгі және өлшемі 56 × 23 × 36 сантиметрден аспайтын бір дана қолжүк кіреді.