Қазақстанда қандай көлік маркалары өндіріледі?

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Алматыда OMODA және JAECOO автокөліктерін өндіру жобалары жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстанда жыл басынан бері 146 541 бірлік автокөлік техникасы өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,2 пайызға көп. "Қазақстанның Автокөлік Одағының" алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында елде 109 223 бірлік автокөлік техникасы шығарылған.

Тек қыркүйек айында қазақстандық кәсіпорындар 20 215 бірлік техника өндірді. Бұл 2025 жылғы қыркүйектегі көрсеткіштен 55,2 пайызға, ал биылғы тамыз айымен салыстырғанда 32,4 пайызға жоғары.

"Тоғыз ай қорытындысы бойынша Қазақстандағы автоөнеркәсіп жоғары даму қарқынын сақтап тұр. Сала инвестицияға қолайлы: өндірушілер Қазақстандағы орнын нығайтып, жаңа жобаларын жүзеге асырып жатыр", – деді "Қазақстанның Автокөлік Одағының" президенті Анар Мақашева.

Оның айтуынша, Алматыда OMODA және JAECOO автокөліктерін өндіру жобалары жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар Қостанайда Li Auto көліктерін шығаруға дайындық жүргізілуде. Күзде автокомпоненттер өндірісін және локализацияны дамытуға бағытталған бірқатар келісімге қол қойылған.

Өндіріс көлемі бойынша Қостанайдағы Allur ("СарыарқаАвтоПром") зауыты көш бастап тұр. Кәсіпорын тоғыз айда 56 130 бірлік техника шығарған. Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты Changan, Chery және Haval брендтерінің 40 245 көлігін өндірді.

Сонымен қатар Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны 27 305, Kia Qazaqstan зауыты 13 782 автокөлік шығарды.

Ең көп өндірілген брендтер қатарында:

  • Chevrolet – 29 555 дана;
  • Hyundai – 27 275 дана;
  • Kia – 17 712 дана;
  • Changan – 15 148 дана;
  • Chery – 12 593 дана;
  • Haval – 10 955 дана көлік шығарды.

Модельдер арасында:

  1. Chevrolet Cobalt – 27 659 дана;
  2. Hyundai Tucson – 10 522 дана;
  3. Kia Sportage – 7 139 дана;
  4. Hyundai Mufasa – 6 743 дана;
  5. Changan CS35 Max – 5 296 дана шыққан.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау