Қазақстанда бензиннен кейін көліктер жаппай бұзылып жатыр. Шығынды кім өтейді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Форсункасы бітеліп, көліктер істен шығып жатыр.

Қазақстанда жүргізушілер бензин құйғаннан кейін көліктерінің істен шығып жатқанын айтып, жанармай сапасына шағымдануда. Кейбір автосервистерде соңғы күндері бұзылған көліктер көбейіп, жөндеу құны 200 мың теңгеге дейін жеткен. Ақау жанармай сапасына байланысты екені дәлелденсе, шығынды кім өтейтіні туралы заңгер түсіндірді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Алматыдағы көлік жөндеу орталықтарының бірінде соңғы аптада бұзылған көліктердің саны күрт артқан. Автосервис иесінің айтуынша, олардың барлығында ұқсас ақау бар: қозғалтқышқа отын жіберетін форсунка бітелген.

Автосервис директоры Виктор Новиковтың сөзінше, форсунканы ауыстыру құны қозғалтқыштың көлеміне байланысты. 2 литрге дейінгі көліктер үшін жөндеу бағасы 100 мың теңгеден басталып, 200 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Автосервиске келген көліктердің арасында салыстырмалы түрде жаңа машиналар да бар. Жүргізушілердің айтуынша, көліктерінде ақау жанармай құйғаннан кейін пайда болған.

Алматылық Тоқтар да көлігінде осындай мәселе болғанын айтты. Оның сөзінше, ол 2024 жылдан бері көлік жүргізеді және бұған дейін бензинге қатысты мұндай проблема болмаған.

"Бұған дейін тек 95 құятынмын. Мәселе жоқ еді. Соңғы уақытта 95-тен бүліне бастаған соң 98-ге өттім. Бірақ одан да проблема шешілмеді. Көлік травить етіп, өше бастады. Свечасын ауыстырдым, бәрін тексердім, енді фарсункадан дейді", – деді жүргізуші.

Көлігі істен шыққан жүргізушілердің айтуынша, жанармай құю бекеттеріндегі бензин сапасына қатысты тексеру жүргізу қажет. Бұған дейін мәселе әлеуметтік желіде де көтеріліп, жүргізушілер тиісті шара қабылдауды талап еткен. Энергетика министрі жанармай сапасына қатысты тиісті тексерулер жүргізілетінін мәлімдеді.

Заңгер Файзулла Смағұлдың айтуынша, егер көліктің істен шығуына шынымен сапасыз бензин себеп болғаны дәлелденсе, жүргізуші жанармай құю бекетінен келтірілген шығынды өтеуді талап ете алады. Ол үшін бірнеше маңызды құжат пен дәлел қажет.

"Бензин сапасының кесірінен көлікке зиян келсе, мұндай жағдайда көліктің бұзылғанын растайтын құжаттар, жөндеу шығындарының түбіртектері және жанармайдың сапасыз болғанын дәлелдейтін сараптама қорытындысы болғаны маңызды. Осы арқылы келтірілген материалдық шығынды өндіруді талап етуге болады. Қажет болса, тұтынушы сотқа да жүгіне алады", – деді заңгер.

Сондықтан маман жүргізушілерге жанармай құйған кездегі төлем түбіртегін сақтап қоюға, көліктегі ақауды растайтын құжаттарды жинауға және қажет болған жағдайда сараптама жасатуға кеңес береді. Егер жанармайдың сапасыз болғаны сараптама арқылы расталса, көлік жөндеуге кеткен шығынды өтеу мәселесін заң аясында талап етуге болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау