Гана елінде баспана сатып алу үшін отбасы 88 жыл ақша жинауы керек болады.
Қазақстан көрсеткіші 10,5 болды. Қолжетімділік көрсеткіші тұрғын үй бағасы мен отбасының жылдық орташа табысын салыстыру арқылы есептеледі. Дәлірек көрсеткіш отбасыға пәтер алу үшін жылдық табысының қанша болуы керектігін көрсетеді, деп хабарлайды energyprom.kz сайты.
Тізімде Біріккен Араб Әмірлігі, Оңтүстік Африка Республикасы және АҚШ көш бастады. Аталған елдерде пәтер бағасы әр отбасының төрт жылдық табысына тең.
ТМД елдері ішінде Қазақстанға қарағанда келесі елдерде көрсеткіш жоғары:
- Молдова – 42-орын;
- Украина – 50-орын;
- Грузия – 58-орын.
Ал Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан және Армения елдерінің көрсеткіші айтарлықтай нашар – 79-орыннан басталып 91-орынға дейін барады.
Оқи отырыңыз: Жалға алынған баспана ақысының жартысын төлеу тетігі 1 мамырда іске қосылады
Алғашқы ондыққа кіретін елдерде халықтың табысы жоғары және тұрғын үй бағасы арзан. Ал халық табысы нашар мемлекеттер рейтингтің төменгі сатысында. Рейтинг соңына Гана мемлекеті орналасты – мұнда бір үйдің құнын шығару үшін отбасының 88 жылдық табысы қажет болады.
Десе де Қазақстанда тұрғын үй қолжетімділігі мәселесі шешіліп келеді. Осы жылдың басында баспанамен қамтамасыз ету көрсеткіші адам басына шаққанда 23,2 шаршы метрді құрады. Өткен жылы 22,6 шаршы метр болған еді. Бес жыл бұрын – 21,4 шаршы метр, он жыл бұрын 18,7 шаршы метр болды.
Қалаларда адам басына шаққанда – 25,5 шаршы метр. Өткен жылы 25 шаршы метр болған еді. Ал ауылдық жерде – 19,8 шаршы метр, өткен жылы 19,3 шаршы метр болған.
Оқи отырыңыз: Пәтер алуға арналған 8 ипотека. Тиімдісі қайсы?
Салыстырмалы түрде Еуропада адам басына шаққанда баспана аумағы 40 шаршы метрді, Норвегия, Дания және Швейцария сияқты елдерде 50 шаршы метрді құрайды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-