USD: 488.1 / 490.7
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.53 / 6.65
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

"Қазақмыс" басшылығы Оңтүстік Жезқазған кеніші жұмыскерлерімен кездесті

Фото: ашық дереккөзінен
Фото: ашық дереккөзінен
Ашық және сындарлы диалог барысында тараптар кәсіпорын жұмыскерлерін толғандырған бірқатар мәселелерді талқылады.

Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі шахталардың бірінің жұмыскерлері материалдық-техникалық жарақтандыру және еңбек жағдайына қатысты бірқатар мәселені көтеріп, "Қазақмыс" компаниялар Тобының басшылығына жүгінді. Компания басшылығы еңбек ұжымы өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды "Қазақмыс" баспасөз қызметі. 

Ашық және сындарлы диалог барысында тараптар кәсіпорын жұмыскерлерін толғандырған бірқатар мәселелерді талқылады. Айтылған барлық ұсыныстар мен бастамалар белгіленген тәртіпке сәйкес одан әрі пысықтау үшін қарауға қабылданды.

"Көтерілген мәселелердің негізгі бөлігі ұзақ жылдар бойы жеткіліксіз қаржыландыруға байланысты жабдықтардың техникалық жағдайына қатысты болды. Осыған байланысты басшылық жұмыскерлердің еңбек жағдайын одан әрі жақсарту, сондай-ақ өндірістің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында инвестициялық бағдарламаны кеңейтіп, оның іске асырылуын жеделдетуге ниетті. Компания қолданыстағы корпоративтік тетіктер мен әлеуметтік әріптестік шеңберінде еңбек ұжымы өкілдерімен өзара іс-қимылды жалғастыра береді. "Қазақмыс" компаниялар Тобы еңбек ұжымымен ашық диалог орнату қағидатын ұстанады және еңбек ұжымымен өзара іс-қимылды кәсіпорынды дамыту, еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыру және жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайын жетілдірудің маңызды элементі ретінде қарастырады", – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өндірістік үдеріс бекітілген өндірістік жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.


Оқи отырыңыз: Ұлытау облысы жалақы деңгейі бойынша үздік үштікке енді


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз