USD: 488.1 / 490.7
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.55 / 6.67
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Ұлытау облысы жалақы деңгейі бойынша үздік үштікке енді

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Ұлытау облысындағы еңбекақы деңгейі аймақтағы негізгі жұмыс беруші – "Қазақмыс" компаниясының көрсеткіштеріне тікелей байланысты.

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың І тоқсанындағы өңірлер бойынша көрсеткіштерді жариялады. Орташа номиналды жалақы мөлшері жөнінен Маңғыстау облысы (659 801 теңге), Ұлытау облысы (655 995 теңге) және Атырау облысы (652 950 теңге) көш бастап тұр.

Батыс өңірлердегі мұнай саласында дәстүрлі түрде жоғары жалақы төленетінін атап өткен жөн. Ал Ұлытау облысындағы еңбекақы деңгейі аймақтағы негізгі жұмыс беруші – "Қазақмыс" компаниясының көрсеткіштеріне тікелей байланысты. Жыл басында компания қызметкерлердің төлемдерін инфляция деңгейіне сәйкес 12,3%-ға индекстеген болатын.

Республика бойынша орташа номиналды жалақы 461 486 теңгені құрады. Ең төменгі еңбекақы көрсеткіштері Солтүстік Қазақстан (326 664 теңге), Жамбыл (328 952 теңге) және Түркістан (332 640 теңге) облыстарының тұрғындарына тиесілі.


Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов "Қазақмыс" қолдауымен салынған медициналық бұйымдар зауытының жұмысымен танысты 


Астана және Алматы қалаларының тұрғындары республикалық деңгейден жоғары – тиісінше 609 725 және 574 162 теңге жалақы алады, ал шымкенттіктердің табысы небәрі 350 374 теңгені құрап отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз