Қаржы пирамидасын құрып, 221 млн теңгеге жер алған әйел Түркияда ұсталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұған дейін үш адам сотталған.

Қазақстанда The Finiko қаржы пирамидасын ұйымдастырып, азаматтардың 160 млн теңгесін иемденді деген күдікке ілінген әйел Түркияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Ол 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды ҚМА.

Күдіктіні ұстау операциясына Алматы қаласының прокуратурасы мен Интерпол өкілдері атсалысқан. Қаржылық мониторинг агенттігі күдіктінің ұсталып, елге жеткізілген сәтінің видеосын жариялады. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында The Finiko»нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызметпен айналыспағаны анықталған.

"Пирамидаға" қатысушылардың қаражаты кейін қосылған салымшыларға беріліп отырған. Осылайша жүйе табыс әкеліп жатқандай көрініс қалыптастырып, жаңа азаматтардан ақша тартуға мүмкіндік берген. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті қаржы пирамидасы арқылы 160 млн теңге иемденген. Сонымен қатар оның 221 млн теңгеге жер телімін сатып алғаны анықталған", – делінген хабарламада.

Бұған дейін осы қылмыстық іс аясында үш адам сотталған. Олардың мүлкі тәркіленіп, әрқайсысы 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау