Қазақстанда 140 адам жемқорлық қылмыстары бойынша күдікке ілінді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда 3,7 млрд теңге залал келтірген жемқорлық қылмыстары анықталды.

Қазақстанда соңғы екі айда 200-ден астам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы анықталды. Қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті деп танылған, деп хабарлайды ҰҚК.

ҰҚК мәліметінше, 2026 жылғы шілде-тамыз айларында 201 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелген. Олардың басым бөлігі пара алуға, тонау мен алаяқтыққа, заңсыз әрекеттерге және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалануға қатысты.

"Қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті деп танылды. 126 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 110-ы сотқа жіберілді", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Анықталған залалдың жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені құрады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау