Қар, жаңбыр, тұман: 9 ақпанда Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Қазақстан бойынша бұрқасын, көктайғақ және күшті жел күтіледі.

"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 9 ақпанда Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық 17 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман және күшті жел күтіледі. Кей өңірлерде жел екпіні 28–30 м/с-ке дейін, ал жекелеген аумақтарда одан да жоғары болуы мүмкін.

Астанада күндіз жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады.
Алматы облысында тұман түсіп, таулы және оңтүстік аудандарда көктайғақ күтіледі.
Шымкент пен Түркістан облысының таулы және оңтүстік аймақтарында күндіз қатты жаңбыр, түнде көктайғақ болуы ықтимал.

Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні түнде және күндіз 23–28 м/с-ке, ал 10–11 ақпанда кей жерлерде 30 м/с-тен асады деп болжануда.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында қар, жаңбыр, бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында жауын-шашынмен қатар тұман мен көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-ке дейін жетеді.
Жамбыл, Жетісу және Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ және күшейген жел болжанып отыр.

Синоптиктер тұрғындарды жолға шыққанда сақ болуға, ал көлік жүргізушілеріне жылдамдықты төмендетіп, ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз